Музыка пәні мұғалімінің аспаптық дайындығы

70

Музыка  пәні  мұғалімінің  аспаптық  дайындығы

Музыка әні мұғалімінің кәсіби дайындығы міндетті түрде аспапта орындаушылықпен қатар концертмейстерлік қызмет атқаруды қажет етеді. Әр кез сабақ барысында мұғалім орындаушы, иллюстратор, сүйемелдеуші ретінде музыкалық аспапта орындаушылық қабілетін пайдаланады.

Орандыушылық  жөнінде әңгіме қозғай отырып,біріншіден фортепиано аспабында орындаушылық шеберлік туралы айтып өткен жөн,себебі осы аспапты көпшілік  ұстаздар өз жұмысында қолданады.Сонымен қатар домбыра, баян, аккордеон аспаптарының мамандары да фортепиано аспабын игергендері дұрыс болар еді.

Фортепиано аспабына басымдылық берілетін себебі мектептегі музыка пәні оқыту бағдарламасында белгіленген  музыкалық шығармалар әдейі фортепиано аспабында орындау үшін жазылған, сондықтан мұғалім осы аспапты жиі қолданады және  әншімен, хормен жұмыстану барысында оқытушы бір қолымен әуен ойнап сүйемелдесе, екінші қолымен дирижерлік қызмет атқарады. Ал осы әрекеттерге фортепиано аспабы өте қолайлы.

Мұғалімнің орындаушылық репертуарына, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты; бастауыш сыныптар, орта сыныптарға арналған музыкалық шығармалар еңгізілуі керек.

Музыкалық шығарманы орындау барысында мұғалім өзіне қатаң талап қоя отырып, музыка оқушылардың шығармашылық қиялдарын оятатынын,  ассциативті-бейнелі ойлауды қалыптастыруға әсер ететінін ұмытпаған дұрыс.

Мұғалімнің кәсіби дайындығы барысындағы басты мәселелерінің бірі;

Концертмейстерлік шеберлік.

Мұғалім білуге тиіс;

  • хорды және жеке орындаушыны сүйемелдеу;
  • жеке орындаушыға және хорға шығарманың басталуын көрсете білу;
  • өзін-өзі сүйемелдеп ән орындау;
  • ноталарды тез оқи білу;
  • сүйемелдеу партияларын әр түрлі тональность арқылы өзгерте білу;
  • танымал әуендер мен әндерді есту арқылы орындай білу;
  • шығармаларды әр түрлі аспаптарға өңдеу;
  • ансамбльде ойнау;

 

Мұғалім тез нота оқу арқылы,әундер мен әндерді есту арқылы орындау және шығармалырдың биіктігін өзгерту арқылы кеңдеген әндік репертуар жинақтап алады,балалардың дауыстарына қиындық келтірмейді.

Ноталарды тез оқу барысында шығарманың тақырыбын , орындаушының және сүйемелдеу партиясын,музыкалық және әдеби мәтінін,музыканың мазмұнын түсіну,ырғақтың, екпіннің,құрамының өзгеруіне мән беру керек.

Мүғалімнің орындашылық  қасиеті туралы айта отырып мынаны ескерген жөн; бұл жерде әнгіме оқушылар туралы болып отар, сондықтан  орындау әдемі, әсерлі, бейнелі болуы шарт.