Жауынгер ақын- жыраулар

158

Сабақтың тақырыбы: Жауынгер ақын- жыраулар

 

Сабақтың мақсаты: Мақсаты:

1.Қазақ халқының ақын – жырауларымен танысып, олардың шығармашылығы жөнінде кеңінен білім беру,балаларды қазақтың ақындық, жыршылық өнеріне тартып, олардың мазмұнды да көлемді шығармаларға қызығушылығын арттыру.

2.Оқушылардың терме, жыр жөніндегі түсініктерін  одан әрі ақын –жыраулардың шығармашылығымен таныстыра отырып дамыту.

3.Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге  және өз халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері жөнінде түсініктерін қалыптастырып, эстетикалық ләззат, әсер алуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: слайдттар

 

Жабдығы: музыкалық орталық, дыбыс күшейткіш құралдар

 

Әдісі: Баяндау,сұрақ- жауап

 

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

 

Жүрісі: 1. Ұйымдастыру

  1. Үй жұмысын тексеру

 

а)- Терме дегеніміз не?

ә) -Терме неше буынды жыр үлгісінде болады?

б) -Термені орындайтын адамды кім деп атаймыз?

в) -Бабаларымыз өз жыр- термелерінде нені жырлап, өсиет етті?

г) -Терменің әуенін қалай атаймыз?

д) -Терме қалай орындалады?

ж) -Термені орындаушы термені қандай аспаппен орындайды?

з) -Халықтың ”Он үш жаман” термесінде қандай жаман    қасиеттерден аулақ болуға шақырады?

 

  1. Жаңа сабақ: Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын біз жыр дегеніміз не соған тоқталайық.

 

  • Оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, ұзақ өлең, терме түрінде баяндалатын әңгімелер – жыр деп аталады.
  • Жырау – ақын, ол өлең , жыр шығарып айтады, оның суырып салма шешендік қасиеті бар.
  • Жыршы – ақын емес, себебі өз жанынан өлең, жыр шығармайды.Ол негізінен дайын өлеңді таратушы.

Ән сияқты жырдың да өз әуені болады, оны жырдың сарыны дейді.

 

Ия, балалар жырау жыршы емес.Өйткені жыршының бәрі бірдей ақын бола бермейді.Жырау- әрі ақын,әрі шешен. Ең алдымен, ырғағы бар, ұйқасы бар белгілі өлшемге жататын өлеңдң жыраулардың өздері шығаруы шарт.Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу шешен сөздер, нақыл сөздермен келуі керек.Үшіншіден, әлеуметтік өмірде кейінгілерге үлгі боларлықтай терең ойлы пікір айтуы қажет. Сонда ғана ол шын мәніндегі жырау атағына ие. Сондай жыраулардың бірі XIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бұқар жырау Қалқаманұлы. Бұқар жырау болып қана қоймай , Абылай хандық құрған заманда оның үнемі қасында жүріп, елдің ішкі , сыртқы саясатына араласқан. Жас шағынан Абылайдан көп үлкен Бұқар өзінің бүкіл өмір тәжірбиесі  мен өнерін  ханның ел билеу ісімен ұштастырған. Бұқар жырау 1723 жылдардағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған тарихи оқиға тұсында өмір сүрген жауынгер жырау. Ол өз жырларымен ел қорғаған батырларға жауынгерлік рух беріп отырған.Бұқардың жырлары ылғы толғау.Жыршы- жыраулар  тек қана жыр шығарып қоймай, сонымен қатар  терме,толғаулар да шығарған.

Жаңа термин

Толғау— жырау заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын, жыраудың ішкі ойын, сезімін, өмірге, табиғат құбылыстарына көзқарасын білдіретін үгіт- насихатқа толы өлеңдер.

Толғау “ толғану ” дегенді білдіреді

Жыраулар батырлар ерлігін жырлаумен қатар сол кездегі қоғамдық мәселелерді шешуге қатысқан.

Келесі таныс болатын аұын- термешіміз ол – Махамбет Өтемісұлы, балалар.Махамбет – сауатты, оқыған- тоқағаны, көрген –білгені мол ,қатарынан озық азамат болумен бірге ақындық, жыраулық, композиторлық қабілеті де жетңк, үздік өнер иесі.Оның ақындық, күйшілік қабілетінің дамуына туып — өскен ортасы,қалың ел әсер етті, себебі, бұл жерден Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей тәрізді дарынды күйші- композиторлар шыққан. Ол 1836-37ж.ж.  ұлт- азаттық көтерілістің басшысы, жарлы- жақыбай, жетім- жесірдің қақы үшін басын бәйгеге тіккен жауынгер ақын.Енді қазір балалар, Махамбеттің «Адыра қалған Нарында » атты термесінен үзінді тыңдайық.Терме жылдам,жігерлі орындалады,негізгі әуен қайталанып,мәтіннің мазмұнына қарай дамиды.(музыка тыңдау)

Келесі таныс болатын  ақынымыз жырау, жыршы, ақын әрі айтыскер ақын да  болған ол – жыр алыбы  Жамбыл атамыз, балалар.10 жасынана өлең жырға бейім болып, 15 жасында қолына домбыра алып, өнер жолына түседі. Жас кезінен атақты Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, одан суырып салмалық шеберлікке үйренген. Ірі айтыскер ақын болған.Халық арасында қалған белгілі айтысының бірі- Құлмамбетпен айтысы. Жамбыл Жабаев, балалар,1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезінде біздің жауынгерлерімізге жауынгерлік рух беріп отырған, өзі қолына қару алып соғыспаса да өлеңдерімен жауға деген өшпенділігін білдірген,әсіресе оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі блокадада қалған Ленинград тұрғындарына күш берген.Осылай ол да өзінің үлесін жеңіс үшін қосқан адам.

Келесі таныс болатын жырауымыз Базар жырау Оңдасұлы.Ол ел арасына «Балқы Базар» деген атпен белгілі болған.Заманы Абаймен тұстас,өз еліне кезінде ерекше дарынымен аты шыққан ақынның бірі- Базар жырау Оңдасұлы.Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау тарланы- Базар жырау.Ол табиғатынан дарынды,зерек болып өскен.Бала кезінен ақын- жыраулардың жырларын, халық мақал- мәтелдерін көңіліне түйіп өседі.Бізде,қазақ халқында жырау, жыршы, термешілер көп болған.Жиын- тойларда ақын- жыраулар жиналып жыр айтып, айтысқа түсіп отырған.Сондай бас қосулардың бірі 1913 жылы Жетісу өңірінде өткен екен.Суретке назар салып қарасақ жыраулар жиналып отыр. Қолдарында ұстаған аспаптары бар (домбыра,сырнай,қобыз).Енді балалар,Базар жыраудың «Әр нәрсенің парқы бар» атты толғауынан үзінді тыңдайық.Бұл толғауында жырау адамдық қасиетті биіктететін ұнамды мінездерді насихаттайды. ( музыка тыңдау).

Бізді ерекше толғандыратын- қазақ жыраулары.Ауыздан ауызға тарап, ғасырлар бойы тот шалмас алтындай жыраулық дәстүр не күйде? деген сауалға жауап іздейік.Жыраулық, жыршылық мектептер құрдымға айналып бара жатыр деген біржақты ойдан аулақпыз,әрине, құдайға шүкір,жоқ емес жалғастырушылар біршама бар,бірақ көп емес, некен — саяқ.Сондай жыраулардың бірі-  домбыра қолына тисе  дауысын алты қырға аттандырып,шанағын жұтып қоярдайшыңқылдата жөнелетін, қыл қобызды сылқылдата саздатып, күміс  көмейімен  астастыра  асқақтайтын  айтулы жыршы- Бекболат Тілеуханов.Сендерге бұл кісінің есімі таныс па? (балалардың жауабын аламыз).Ендеше осы жыршының орындауында Ақтамбердінің толғауын тыңдайық.Толғаудың сарынына назар қойып,орындалу мәнеріне мұқият мән беріп отырыңдар.(музыка тыңдау) Оқушылар байқап отырсаңыздар бүгінгі тыңдаған терме, толғауларыңның қай-қайсысы да қанша буынды жыр үлгісінде құрылған? (жауабын аламыз)

 

4.Ән үйрену. Біз бүгінгі жаңа сабағымызда жауынгер ақын- жыраулармен таныстық,ия,балалар?Жалпы жаудан елді қорғайтын кім деп ойлайсыңдар? (балалар жауап береді- жауынегр,сарбаз,солдат)Дұрыс айтасыңдар, ендеше,біз бүгін композитор Кеңес Дүйсекеев ағамыздың «Солдат болам мен ертең» атты әнін үйренеміз.Ән жүрдек, ойнақы екпінде орындалады.Мұнда марш екпінімен қоса би ырғақтары да бар.Мен сендерге әдеттегіше әнді орындап беремін.(Әннің қайырмасын дұрыс орындауға назар аударамыз.)

Солдат болам мен ертең

Әнін жазған: К.Дүйсекеев.                  Сөзін жазған: Ш.Сариев.

 

1.Гүлдей жайнап,

Күндей жайнап ,

Мен ер жетіп толамын

Әжем айтқан

Дәу жігіт боп

Ағалардай боламын

қайырмасы:  Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш,

Шынығамын таңертең,

Ағалардай Отанға

Солдат болам мен ертең.

2.Мөлдір таңым,

Мөлдір жаным,

Мен ер жетіп толамын.

Атам айтқан

Дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

қайырмасы:

 

5.Нота сауаты. Балалар,біз сөзді немен жазамыз?(әріппен)ия дұрыс ал әнді,қалай ойлайсыздар,немен,қалай жазамыз?Дұрыс айтасыңдар әнді нотамен жазамыз.(Тақтаға нота сызығы мен скрипка кілтін сызамыз)

 

6.Қорытынды.Балалар біз бүгінгі сабақтан не білдік? Не үйрендік? (жауаптарын тыңдаймыз)Ал тағы да не білгілерің келеді?БҮҮ стратегиясымен сабақты қорытындылаймыз.(Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді)

7.Үйге тапсырма.Сабақ соңында оқушылар сыныптан Бекболат Тілеухановтың орындауындағы Шалкиіз жыраудың «Күн қайда» толғауының сарынымен шығып кетеді.