Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы

169

Тақырыбы: Нұрғиса Тілендиев шығармашылығы

Мақсаты: Н.Тілендиев жайлы әңгімелеу,

Оқушылардың қазақ композиторлары, аспаптық музыкасы жайлы білімдерін толықтыру.

Композитордың шығармаларына оқушылардың көзін            қанықтыру, таныстыру және практикалық жұмыс барысында шыдамдылық, ойлай, қиялдай білу, икемділік, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Вокальдық машықтарды қалыптастыру.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, топпен жұмыс

 әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, слайд көрсету

типі: қайталау

 

Музыка материалы: «Әке туралы жыр»

«Саржайлау»

«Ата толғауы»

«Әлқиса»

«Құстар қайтып барады»

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру

Ойын арқылы 3 топқа бөлінеді

 

І топ:      –  Нұрғиса Тілендиев кім?

ІІ топ:     —  «Отырар сазы» оркестрі жайлы не білеміз?

ІІІ топ:  — Динара Нұрғисақызы жайлы не білеміз?

( оқушыларға  дайындалуға 5 мин уақыт беріледі)

       

Қазақ домбырасының Құрманғазы мен Тәттімбеттен кейінгі тарландарының бірі, туған халқы үшін барынша еңбеқ еткен, шын дарын иесі, ойлы да білімді сезімтал, қазақ халқының рухани музыка мәдениетін көтеруге атсалдысқан атақты, талантты композитор дүлділ домбырашы, әрі дирижер Н.Тілендиев 1925 жылы сәуірдің бірі күні Алматы облысының қазіргі Жамбыл ауданында дүниеге келді. Ол балалық шағын туған ауылында ақын күйшілердің ортасында өткізді. Музыкаға деген ынтасы ерте оянған зерделі бала жастайынан домбыра тартып ән айтуға машықтанады.

Жеті жасында Жамбыл атаның күні бүгінге дейін төрімнен  түспей қымбат қазынадай сақтап жүрген домбырасын сыйға алыпты, осының барлығы музыканың оның ішіндегі күй өнерінің киелі болатыны содан. Музыка тілі барша әлем халқына ортақ тіл.

П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты. Он екі жасында А.Жұбанов сыйға тартқан өзінің кішкене қоңыр домбырасын қолтығына қыса өскен Нұрғиса әкесінің тартатын «Аққу»т.б. күйлерінің сиқырлы сөздерін домбырада ойнауға тырысатын. Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастайбойына сініріп ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада , алуан  түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді.А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.

Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады.

«Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған.»Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған.

Сонымен қатар Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды.Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әні де аспан мүлгіген алатаудан сылдырап аққан бұлақ, сыбырлаған жапырақ, тау аңғарынан ескен салқын самал көз алдыңа елестейді.

«Аққу» күйі «Қыз Жібек» фильмінде орындалды. «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты бала қиялын кеңейтіп, ойландыруға итермелейтін мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер» сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды.

Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқиса», «Махамбет»т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады.

«Алғыр қыран, қамал бұзар батыр, желден озған жүйрек, күн тимес сұлудың бәрі де дүниеден өтеді». Өлмейтін тек өнер деген екен. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалады.

Н.Тілендиевтің еңбегі бағаланып, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Кеңес Одағының Халық әртісі, КСРО Мемлекекеттік сыйлығының лауреаты, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал, 1998 жылы «Халық Қаһарманы»  деген еліміздің әң басты атағына ие болды.

«Атадан бала туса екен- ата жолын қуса екен» деген Махамбет Өтемісұлының өленінен алып қарасақ, биылғы  4-маусымда Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясында бүкіл ұжымның өнер көрсетті. Осы кеште Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі де өнер көрсетті.Аяқ астынан оркестрдің  орындауындағы әкесінің «Махамбет» атты поэмасына Динара Нұрғисақызы дирижерлік етті. Осы концертті тамашалаған Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза былай дейді: «Мен бұл оркестр туралы көптен бері ойлап жүр едім. «Отырар сазы» оркестрі-Нұрағаңның перзенті. Динара да-Нұрағаңның перзенті. Сондықтан, бұл оркестрді басқаруға Динараның қақысы бар. Бүгіннен бастап Динара Нұрғисақызын осы оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері етіп тағайындаймын».

Динара Нұрғисақызы 1991 жылы Алматы қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепте фортепьяно класында 12-жыл оқыды.2003 жылы мектепті тәмамдап, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. «Симфониялық оркестрдің дирижері» мамандығы бойынша Төлепберген Әбдірашевтың класында оқыды.Кейін Нұрлан Салауатұлының класына ауысып , 2008 жылы «Халық аспаптары оркестрінің дирижері және оқушысы» мамандығы бойынша бітіріп шықты.Дирижер болу-күрделі мамандықтардың бірі, Бұл мамандықты таңдаудағы басты себебім дейді Динара, әкемнің көзіндей болып қалған оркестрге ие болғым келгендігімнен еді. Әкем жаққан отты өшірмеу- менің перзенттік парызым деп түсіндім.

Қазақтың «Отырар сазы» ансамблі 1979 жылы 5-6 адаммен құралған еді. 1982 жылы ансамбльге жетекшілік етіп, құрамында 60 адамы бар оркестр 1983 жылы Мәскеудің Орталық концерт залында екі сағат үлкен шығармашылық концерт берді.

17-тамыздан жұмыс басталады. Қыркүйек айының аяғында немесе қазан айының басында маусымның ашылуы болады деп жоспарлап отыр.Күзде бірнеше гастрольдік сапар күтіп тұр. Биылғы жылы әкесінің туғанына 85 жыл толады.Соған қатысты біраз жоспарлары бар.

Репертуарда халық күйлері, халық композиторларының, осы заманғы қазақ композиторларының шығармалары бар. Әкесі өмірінің соңғы кездерінде «Тіленді Атабайұлының күйлері» деген атпен 7-шығарма жазған болатын.Соларды халық назарына қайтадан ұсынуды жоспарлап отыр.

Бүгінде оркстрде 50 қызметкер жұмыс істейді. Динараның арманы – олардың санын 60-қа жеткізу. Оның ойынша, оркестрдің кәсіби деңгейі айтарлықтай көңіл толтырмайды. Көптеген аспаптар ескіріп кеткен. Соларды жаңарту жағын қарастыру керек. Шаңқобыз, жетіген, асатаяқ, сыбызғы секілді ертеден келе жатқан музыкалық аспаптар оркестрде жоқ. Кезінде алынып тастаған осы аспаптармен оркестрді қайта толықтырсам дейді.

Нұрғиса Тілендиев: «Динара 8-сыныпты бітіргеннен кейін қызыма домбыраның қыр-сырын үйретемін», деп жүрген. Арманына жете алмай кетті.Ол Динараға да арман болып қалды.Содан кейін қосымша домбыра класына барып  өзі үйреніп кейін әкесіне арнап «Орындалмаған арман» деген күй туды.Келешекте әкесі секілді орындаушылық қасиеттімен де көрермен алдында өнер көрсетсем деген арманы бар.

Міне Динара Нұрғисақызы әкесінен қалған оркестрді қайта жаңғыртып,дирижерлық етіп  болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр.Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларының бояуын жоғалтпастан ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы Динара Нұрғисақызының алдына койған мақсаты ескірген аспаптарды жаңарту, гастрольдік сапарларға шығу, әкесінің орындалмай қалған шығармаларын халық назарына қайта ұсыну.

 

 

  1. Ән орындау:

Жаттығу: Бра-бре-бри-бро-бру,

До-ми-ре-фа2

До мажор гаммасы

І топ «Әке туралы жыр» әнін орындайды.

ІІ топ «Саржайлау» әнін орындайды.

ІІІ топ «Құстар қайтып барады» әнін орындайды.

 

  1. Музыка тыңдау:

«Ата толғауы» күйі «Отырар сазы»оркестрі орындауында және жеке оқушының орындауында (домбыра) тыңдалады.

— Күйдің екпіні қандай?

— Оркестр мен жеке орындауда қандай айырмашылық бар?

«Қош керуен» күйін оқушылар көздерін жауып тыңдайды.

— Күйді тыңдағанда көз алдарына не елестеді?

— Күйді кім орындады?

 

  1. Сабақты қорытындылау:
  2. 1.  О т ы р а р  с а з ы

2.Д и Р и ж е р

3.Ф а К т у р а

4.Қ о ш к Е р у е н

5.Қ ұ С т а р қ а й т ы п барады

  1. М а х а м б е Т
  2. Х о Р

 

 

 

  1. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.