Ырыс-Сыр

133

Пәні: Әдебиеттік оқу

3-сабақ

Сабақтың  тақырыбы: Ырыс-Сыр.

Сабақтың мақсаты:а\Аңызды түсініп оқып негізгі ойды анықтау.Сыр өңірі туралы түсінік  беру.

ә\Аянбай еңбек етуге,жерінің,елінің байлығын дұрыс пайдалана  білуге  тәрбиелеу. б\Көркем сөйлеу,тіл байлықтарын  дамыта отырып,ойын  жеткізе  білуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану,салауаттану.

Әдісі: сұрақ-жауап.

Түрі:аралас.

Күтілетін нәтиже: аңызды оқып,мазмұнын түсіну,идеясын аша білуі;Сыр өңірі туралы білуі;

Сабақтың барысы.І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқу-құралдарын түгендеу.

ІІӨткен сабақты пысықтау..

а\Өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын айту.

ә\Байқоңыр туралы білімдерін ортаға салу.

б\Қазақ ғарышкерлері туралы әңгімелеу.

Дидактикалық ойын «Кім зейінді?»

— Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе әңгіме.Туған жеріміздің кең байтақ екенін әңгімелеу.

2.Қазақстан жерін картадан көрсету.

3.Елімізде өсірілетін дәнді дақылдар туралы айту.

4.Оқулықпен жұмыс.

а\Аңызды түсініп оқу.

ә\Мәтіндегі жер,су аттары туралы әңгімелеу.

б\Сырдың сипатын тауып оқу.

в\Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта.

Сергіту  сәттері « Аю » жаттыгуы«есте сақтауын  дамыту»

Екі  жаққа   қисайып ,

Кәне  аюга   ұқсайық.

Екі  аяқты  көтеріп,

Біраз  жерді  өтелік.

5.Мәтін бойынша сұрақтар.

-Ағайынды екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?

-Сыр өңіріне қоныстанғасын нені кәсіп қылды?

-Сыр өңірі,жері мен суы туралы қандай өлең,ән білесің?

Есту зейінін дамытуға арналған «Кім не естиді» жаттығуы

— Мен әртүрлі аспаптарда ойнаймын, сендер оны көрмейсіңдер, зейінді болыңдар. Сендер мен қандай аспапта ойнағанымды айтуларың керек.

  1. Сабақты бекіту.

1.Сыр өңірін сипаттап көр.

2.Табиғаты көрікті тағы қандай жерлерді білесіңдер?

3.Орал өңірі несімен танымал?

4.Адамды байлыққа жеткізетін не?

5.Отан туралы өлеңді жаттау.

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

  1. Үйге тапсырма.

1.Мәтінді түсініп оқу.

2.Туған жер табиғатын бейнелеп сурет салу.

 

  1. Бағалау.
БӨЛІСУ
Алдыңғы жазба7 санының құрамы
Келесі жазбаҚос сөздер