«Күрделі шығармамен жұмыс» Мәдидің әні «Үшқара»

61

Сабақтың тақырыбы: «Күрделі шығармамен жұмыс» Мәдидің әні «Үшқара»

Сабақтың мақсаты:  Күрделі шығарма туралы жан –жақты мағлұмат беру.

Білімділігі:

Мәдидің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Үшқара» шығармасында кездесетін штрихтардың орындалуын үйрету.

Дамытушылық:

Шығарманы талдау арқылы оқушының ой –өрісін ноталық сауатын, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:

Шығарманың авторымен таныстыру  қазақ халқының ән өнері арқылы, оқушының бойындағы  туған еліне, жеріне деген сезімін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, тірек-сызба, домбыра, фортепиано аспаптары.

Техникалық құрал. Үнтаспа

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Сергіту сәті

4.Жаңа сабақ

5.Бекіту

6.Қорытындылау

7.Үйге тапсырма

8.Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

 

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1D-dur          гаммасын ойнау.

  1. «Шыныаяқ тастар» Қазанғаптың күйін жатқа ойнау.

Актуалдау: Біз өткен сабағымызда Қазанғаптың өмірбаяны, шығармашылығымен таныс болдық.Қазанғаптың күйлерінің бірі «Шыныаяқ тастар»күйін ойнап үйрендік. Үй тапсырмасын пысықтап және  музыкалық  біліміңді шыңдап еске түсіру үшін «сөз жұмбақ» шешіп көрейік.

Ү с е н т ө р е
Ш а л қ а р
С ә д у а Қ а с
А қ ж е л е ң
Ж ы р к ү й І
А й м а ғ а н б е т

 

1.Қазанғап    «Шыныаяқ тастар»  күйін  кімнің, қай досының үйіне барған кезде шығарды?

2.Қазанғап қай өңірдің (жерде)  дүниеге келді?

3.Қазанғаптың күйлерін насихаттаушы, орындаушы күйші композитор кім?

4.Қазанғап 62 тармаққа  бөліп жазған күйдің тақырыбын ата?

5.Қазанғап күйлерінің бірін ата?

6.Қазанғап арнап күй шығарған, домбырашы досының аты кім?

Міне сөз жұмбақты шеше отырып «Үш қара» шығармасын үйренеміз

Жаңа сабақ:  Мәди Бәпиұлы «Үш қара»

Күрделі шығарма деп бірнеше бөлімнен тұратын шығарманы айтады.  «Штрих»деп музыкалық аспаптарда дыбыс шығару тәсілін айтады.  «Штрих»неміс тілінен аударғанда  «сызықша» мағынасын білдіреді. Штрихтың бірнеше түрі болады.

1Пиццикато  а)бас бармақпен төмен қарай орындау .

б) сұқ саусақпен  төмен-жоғары орындау.

2.Тремоло  әдісі

а)Дара ішектегі тремоло

б)Қос ішекті тремоло

Мәди Бәпиұлы 1880 жылы қазіргі  Қарағанды  облысы  Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Мәди халық ақыны,  әнші композитор. Қаздауысты Қазбек бидің ұрпағы.Жасынан ән-жырға құштар оны халқы әнші, ақын, сері атандырды.Мәдидің әндерінің барлығы халық арасына кеңінен  тараған. Оның «Шіркін ай», «Қаракесек», «Мәди», «Қарқаралы», «Үшқара», т.б. әндері бар.

Сергіту сәті: Мәдидің «Үшқара» әнін үнтаспадан тыңдату.

-Шығарма ұнадыма?

-Шығармада не естіледі?

-Шығарма қандай аспаптарда орындалды?

(Домбыра және фортепиано аспабының сүйемелдеуімен)

Ендеше осы шығарма туралы мағлұмат  аламыз.

Мәди осы әнін туған жеріне, еліне деген сағынышын абақтыға түскендегі мұңлы-шерлі, жан-сезімін баяндайды.  «Үшқара» 2 бөлімнен тұрады.

І бөлімінде қағыспен басталып, қос ішектегі тремоло қағысымен орындалса, ал, ІІ бөлімінде дара және қос ішектегі тремоломен,  сұқ саусақтан орындалатын пиццикато қағысымен ойналады.Өлшемі 2/4, кейде ауыспалы ¾ кездеседі.Кілт белгісінде Сибемоль мен ми бемоль белгілері бар. Екпіні  жүрдек.Қоңыржай тездете орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту:1.Күрделі шығармада кездесетін қағысты не деп атайды.

2.Штрихтің түрлерін ата.

3.Үшқара әнінің авторы туралы не біледі?

4.Үшқара әнін неге арнап шығарған?

5Шығарма неше бөлімнен тұрады?

Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Қорытындылау:Бүгінгі шығармада кездесетін штрих қағыстарымен таныс болдық. «Штрих»  түрлері арқылы шығарманы түрлендіріп ойнауға болатынын білдік.Мәди Бәпиұлының өмірбаянымен таныс болдық.Оның «Үшқара » әнін аспапта ойнап үйрендік.Әрқашан қазақ халқының күй өнерімен қатар,ән өнерін де биік бағалап,халқымыздың қасиетті жәдігер –жауһарын сақтау,ұрпақққа жеткізу міндетіміз.

Үйге тапсырма: «Инсерт әдісі»

Не білдім Білгім келеді Мен үшін жаңалық

 

Бағалау.