ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ- АХМЕТ ЖҰБАНОВ

63

Жетписбаева Асель Умирсериккызы

 

Қарағанды қаласы, Сләмия Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

ҚАЗАҚ МУЗЫКА ӨНЕРІНІҢ ГИМАЛАЙЫ- АХМЕТ ЖҰБАНОВ

Сабақтың мақсаты: Тақырыпты меңгерту. Оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеті:

А) Білімділік: Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру. “Ақ көгершін” әні.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, ән иірімдерін дұрыс ести білу, мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту, әнді дұрыс орындауға машықтандыру.

Б) Тәрбиелілік: Әнді тыңдату, айту арқылы Отанын сүюге, рухани адамгершілікке, өз ісіне сенімі мол, еңбекқор, мейрімді, өнерлі, заманына сай тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, репродуктивтік,

сұрақ-жауап

Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық, жеке даралап оқыту

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, өнер

Сабақтың көрнекі-құралдары:  интерактивті тақта, саз аспатары: баян,

синтезатор,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу.
  2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 

Қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақстандағы алғаш ән-романс жазған композиторлар кімдер?
  2. Композиторлар Л.Хамиди мен Н.Тілендиев шығармаларын ата.
  3. Н.Тілендиевтің “Әке туралы жыр” атты әнінің мағынасынан не түсіңдің?
  4. Л.Хамидинің «Қазақ вальсі» әнін орындау (жеке, топпен)

 

 

  1. Жаңа материалды меңгерту.

«Қазақ музыка өнерінің Гималайы — Ахмет Қуанұлы Жұбанов»

 

Ахмет Жұбанов (1906-1968) — композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР ҒА-ның академигі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.1932 ж. Ленинград консерваториясының тарихи теориялық факультетін бітірген. 1932-1933 жж..- өнертану Академиясының аспиранты. 1934 ж. қазақтың халық аспаптары оркестрін ұйымдастырды (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі). Жұбанов Алматы мемлекеттік консерваториясын басқарды, оған Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясын ашу миссиясы жүктелді. Ол республикалық Ғылым Академиясының негізін салушылардың бірі, кейін М.О.Әуезов атындағы өнер мен әдебиет институтыныҢ құрамына енген өнертану секторын ұйымдастырды. Жұбановтың

 

ұйымдастырушылық, шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, қоғамдық қызметі Қазақстанның музыка мәдениетінің қалыптасу тарихында тұтас бір кезеңді қамтиды. Ол кәсіби музыкалық білім берудің, музыкалық шығармашылық пен музыкалық ғылымның ірге тасын қалады. Академик- композитор Жұбановтың есімі қазақ музыка мәдениетінің негізін салушы тұлғалардың көш басында тұр. Ол Л.Хамидимен бірлесіп, “Абай” және “Төлеген  Тоқтаров” операсын, “Құрманғазы туралы естелік маршын”, “Жез киік” симфониялық шығармаларын, қазақтың би сюитасын, “Саранжап”, “Көроғлы” фортепьяналық шығармаларын, хорлар, әндер, романстар, театр мен киноға арналған музыкалар, “XIXғ. мен XXғ. басындағы қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы”, “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары”, “Мұқан Төлебаев”, “Құрманғазы” этнографиялық зерттеулерін жазды. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан — теңіз.

 

           Музыка тыңдату.   «Би күйі» (А.Жұбанов)

 

Музыка тыңдай отырып, оқушылар бір мезгілде ән, би, күй, марш музыкаларын, халықтық, композиторлық, кәсіби музыкаларды, жәй және күрделі музыкаларды ажыратып, динамикалық белгілерді уақытында көрсетіп отырады.

 

  1. Күй ұнады ма?
  2. Несімен ұнады?
  3. Күйдің сапасы қандай? (көңілді, қайғылы, жәй, жылдам)?
  4. Күйді тыңдаған кезде көз алдыңа не елестейді?

 

Музыкалық сауаттылық

1.Қазақтың  ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады.

  1. Оркестр— әр түрлі музыкалық аспаптарында орындайтын музыканттар тобы.
  2. ДЭККО-домбыра,эстрада,күй,компьютер,

орындау.

 

 

Ән орындату

Дауысты жаттықтыруға арналған жаттығулар

Гамма С-dur

Өткен әндерді қайталау

А.Жұбановтың оқушылар  білетін әндерін айтқызу ( «Ақ көгершін», «Қарлығаш»)

                  Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады.

 

Ән үйрету жолдары.

  1. Өлшемі, сазы, екпіні, характері.
  2. Динамикалық белгілерімен жұмыс
  3. Дикциямен жұмыс.

 

 

Сөзжұмбақты шешу.

1Тар жерде табысқан –

…….. жерде келіседі ..

  1. Әңгіме …….. қысқартады.
  2. Дұшпаныңнан бір сақтан,

Жаман достан ……. сақтан

  1. Дос жылатып айтады.

………күлдіріп айтады

  1. Досың көппен сыйлас,

………азбен сырлас

  1. ……. жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы

7.. . Саусақ бірікпей,

…… ілікпейді.

  1. …. үйдің бақыты тасар,

Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар

  1. Ерегескен ел болмайды,

Есептескен ….. болмайды ..

  1. Мың жолдас жақсы,

Мың жолдастан …… дос жақсы

 

  1. Сабақты қорытындылау.

 

Тест

1.Қазақстан Республикасы Әнұранының   әнін жазған кім?

а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов; в) Ш.Қалдаяқов; г) Л. Хамиди.

2.Фермата дегеніміз не?

а) Дыбысты қысқа созу белгісі;      б) Дыбысты еркін созу белгісі;

в) Дыбысты шығармау белгісі;       г) Дыбыстың үндестігі.

3.Қазақ драма театрының алғашқы репертуарындағы пьеса қайсы?

а) “Бүліншілік”;   б) “Майдан”;    в) “Еңлік-Кебек”;   г) “Түнгі сарын”.

4.Қазақтың халық аспаптары оркестрін алғаш құрған адам кім?

а) Е. Брусиловский; б) А. Жұбанов;  в) А. Затаевич;  г) Б. Ерзакович.

  1. А. Жұбанов музыкатану ғылымындағы жазған еңбегін көрсет:

     а) “Қазақ – ұлт аспаптары”;     б) “Ән өнері және уақыт”;

в) “Замана бұлбұлдары”;           г) “Саз теориясы”.

  1. Қазақ музыка өміріне зор із қалдырған, қазақ вальсінің патшасы кім?

    а) Қ. Қожамьяров; б) Б. Жамақаев;  в) Ш. Қалдаяқов; г) Е. Рахмадиев

  1. “Көш керуен” күйі қай сазгердің шығармашылығы?

а) С. Тұрысбеков; б) К. Күмісбеков;  в) Д. Нұрпейісова; г) Н. Тілендиев

  1. Сазгер Ш. Қалдаяқовтың әнін белгіле:

а) “Сырласу вальсі”;           б) “Махаббат вальсі”;

в) “Әнім сен едің”;                г) “Әке туралы жыр”.

 

Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, сабақты қорытындылаймын.

 

VII. Бағалау.

 

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын ескере отырып бағалаймын.

VIII. Үй тапсырмасы.

 

Үйге тапсырма: Композитор шығармашылығын оқу, әнді жаттау.