Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.

Сабақтың  тақырыбы:  Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.

                                                Сабақтың  мақсаты:

                               Балаларды мамандыққа  баулу, кәсіби бағдар беру.

Білімділік  мәні :   Музыкатанушы, өнертану кандидаты  Болат Сарыбаевтың шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы:     Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні:  Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.                                                                 

                                           Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы:   :    Оркестр дирижёрі.

Актуалдау:

«Қазақтың музыкалық аспаптары»

Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ қазақ  емес, нағыз қазақ домбыра », деп аса құрметтесе.ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап  қобыз аспабы  болатын.  Міне, бұл аспаптар  ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.

.  Осындай ұлттық музыка  аспаптарды жинап, зерттеп білген  Болат Сарыбаев.

                                                          Жаңа сабақ:

  

Сарыбаев Болат Шамғалиұлы

 

(1927-1984)

 

                     Музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев «Қазақтың халық аспаптары» монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен «Қазақтың музыкалық аспаптары» әдемі альбомы жарық көрді.

 Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.

 Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі-ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол — қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.

 Музыка сауаттылығы:   До, ре, ми, фа, соль  ноталары.                              

Ән орындайық Атамекен. Әні Е. Хасанғалиевтікі.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:

Қайда жүрсем атамекен

Көкейіңде жатады екен.

Күннің көзі қимай оны,

Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Асқар тауын аспанымен таласқан

Қазағымның мәртебесі деп білем.

Жасыл жайлау- түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін,

Қазағымның махаббаты деп білем.

Қорытындылау : «Қазақтың музыкалық аспаптары»

Үйге  тапсырма:  Қазақтың көне аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев.

Бағалау: