Дархан даланың үні сыбызғы.

Сабақтың  тақырыбы:   Дархан даланың үні сыбызғы.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ  барысы

Ұйымдастыру кезеңі:  

Өткен әндерді қайталау.

Актуалдау: Жұмбақты шеш:

1.Тиіп кетсе жылаған,

    Дауысы көпке ұнаған.

                                                              (Домбыра)

2.Сызылған  үні, сүйкімді тілі.

                                                             (Сыбызғы)

Жаңа сабақ:  Дархан даланың үні- сыбызғы.

  

             Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады.  3-4 ойығы бар.

Сыбызғы аспабында күй орындаушы, күйші Сармалай күйші. Ол Орал жерінде туған. Қазақ  халқының музыкалық аспаптары домбыра, қобыз, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас тағы басқа көптеген аспаптары бар.

Музыка сауаттылығы: Үрмелі аспаптар үріп арқылы орындалады.

Ән орындайық!

 Домбырасыз сән қайда?

Елдің жырын жырлаған

Қайғысын да  толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қомбаған.

Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Құрманғазы ,Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Абай , Жамбыл, сал Біржан,

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

Қорытындылау :

*   Үрмелі аспаптарды ата.

Үйге  тапсырма: Дархан даланың үні сыбызғы.Домбырасыз сән қайда?әні

Бағалау .