Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміртаc»әні

Сабақтың  тақырыбы: Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміртаc»әні

 

  Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :Әнші  композитордың  шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

                                        таныту, жан – жақты  білімдерін  арттыру

 

Дамытушылығы:Жас  өспірімдердің    музыкаға  әнге деген 

                                      ықыласын  дамыту.                                                 

                  .                                                      

Тәрбиелік  мәні :Халық  композиторларының  музыкалық 

                                      шығармалары  арқылы халықтың салт- дәстүрін,  тәрбиесін балаға бере білу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,  музыка тыңдау,шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

 

Сабақ жоспары:

 

Ұйымдастыру кезеңі:  Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа зейін аударту.

Үй тапсырмасын сұрау: Аты әнге айналған Балқадиша.

Жаңа сабақты түсіндіру:. Ән жүйрігі Біржан сал. «Теміржан»әні

Қорытындылау.

 

Үйге тапсырма.

   Сабақтың  барысы:

Біржан сал 1834 жылыАқмола облысыныңЕңбекшілдер ауданында дүниеге келіп,1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардыңқасына еріп, той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдыңұстаздары.1865 жылыАбаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.өкіне, ашына айтқан. Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жайма шуақ», «Айтпай», «Бурылтай», «Айбозым», «Асыл-Ақық», «Керкекіл», «Ақ серкеш», «Мәті-Дәулен», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Аққошқар», «Көкек» т. б. әндері — мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын «Біржан — Сара» операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да — өлмес қазынамыз.

Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең — менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.[3]

Теміртас

Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
 Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.

 

Қорытындылау:

 

1.Қазақтанның даңқын шығарған ақындар?

 

2.Жерлес ақындарды ата.

 

3Айтыстың түрлері?

 

Үйге тапсырма: Біржан салдың өмірі мен өлеңдері

                             «Теміртас» әні