Қазақ вальсі.

217

Сабақтың  тақырыбы:     Қазақ вальсі.

                                    Сабақтың  мақсаты:

Вальс   жанры туралы мағлұмат беру.

 

Білімділік  мәні :    Вальс  жанрының ырғақтарын ести білуге үйрету.     

 

Дамытушылығы:   Вальс королі, қазақ вальсі туралы  мағлұмат беру.

 

Тәрбиелік  мәні :  Өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , әдебиет.

                                     Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.  

Үй тапсырмасы:  Ой толғау.

Жаңа сабақты түсіндіру:   Қазақ вальсі.  

Актуалдау:  Вальс  -дегеніміз не?

                                Сабақтың  барысы:

Валь- жұптасып билейтін би өнері.

    Қазақ Вальсі — қазақ биі. Биді қойып, алғаш сахнаға шығарған, Ш.Жиенқұлова. Музыкасы Л.Хамидидікі. Музыкалық өлшемі 3/4. Ырғағы жеңіл әрі екпінді. Би қазақ қыздарының талшыбықтай бітімін, кәусардай тазалығы мен биязылығын бейнелейді. Бидің 2 нұсқасы бар. Алғашқы нұсқасын автордың өзі кезінде одақтық және шет ел сахналарында билейді. Бір топ қыздардың билеуіне лайықталған екінші нұсқасы 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Үлкен театрда көрсетілді.Кәсіби қазақ композиторларының ішінде ең алғаш вальс жанрына музыка жазған Латиф Хамиди.

 

 Музыка тыңдау: « Қазақ вальсі» Бибігүл Төлегенованың орындауында тыңдау.

 

Қорытындылау: Вальс королі кім?.

 

Үйге тапсырма.     «Қазақ вальсі» оқып, түсінігін айту.

Бағалау.