Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра.

Сабақтың  тақырыбы:   Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра.

Сабақтың  мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.                                                                                                                                           

Білімділік  мәні :Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық асапаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың  туыстастығын  көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

                                                         Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау:   Халықтың мақтанышына айналған домбыра-комуз, шертер-балалайка

Жаңа сабақ:  :   Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра.

Музыка тыңдау. «Ата толғауы» күйі.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

                                                      Сабақтың  барысы:

 

   Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.даңғыра. Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған. Ұрмалы аспаптарды аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған, Ал,  асатаяқ, қоңырау сілкіп ойнайтын сілкімелі музыкалық аспаптар..

 Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.  

Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

Ән орындайық!

Халық әні  «Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

 Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досымай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытындылау :

*   Ұрмалы аспаптар қалай ойналады? 

*   Үрмелі  аспаптарды қалай ойналады?

*  Ішекті аспаптарды ата.

 Сілкімелі аспаптрға нелер жатады?

Үйге  тапсырма:

*  Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңыра,даңғыра.

Бағалау: