Музыкадағы табиғат көрінісі.

Сабақтың  тақырыбы:    Музыкадағы табиғат көрінісі.

                                    Сабақтың  мақсаты:

Композиторлар мен ақындардың туған өлкенің табиғатын жырға қосқаны туралы мағлұмат беру.

Білімділік  мәні : Музыканың туған жер  табиғатымен байланысын, табиғатты жырлаған комопзиторлар мен күйшілер туралы  түсінік беру.   

  өмңрңмен,өнерімен танысу.

Дамытушылығы:Музыканы  сурет,әдебиет,табиғатпен  байланыстыра біліп, өз шығармашылықтарында қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік  мәні : Ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет,дүниетану.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.  

Жаңа сабақты түсіндіру:    Музыкадағы табиғат көрінісі.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

                                       Сабақтың  барысы:

 Біздің туған жеріміздің табиғаты тамаша. Биік тау, өзен, көл, ормандар кездеседі. Табиғат пен музыка тығыз байланысты. Композиторлар мен ақындарымыз туған өлкенің табиғатын шығармаларында жырлаған.

Музыкалық шығармалардан табиғаттың бейнелі суреттемелерін байқауға болады.Қазақ жерінің

кең даласың, жазық жерлерін, табиғатын көптеген күйшілер суреттей білген. Осындай күйлердің бірі Құрманғазының күйі «Сарыарқа» күйі. Қазақ жерінің әсем табиғатын, тұрмыс- тіршілігін бейнелейтін әсем күй- Тлендиевтің «Ата толғауы» күйі.

  Музыка тыңдау: Тлендиевтің «Ата толғауы» күйі.

 Жаңа ән:Гүлжазира Қазақстан. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Асқар тауым, шалқар көлім, өзенім,

Бәрінен де махабатты сеземін.

Ен далада еркін жүріп мақтанам,

Бұл менің сәулетті өз елім.

Алатауым, ай сәулелі астанам

Осы жерден таралады асқақ ән.

Ғарышқа Байқоңырдың төрінен,

Батырлар сапарын бастаған.

Гүлжазира  бау- бақшалы, егінді,

Мекендеген менің байтақ жерімді.

Барлық адам жасап жатыр сәулетті.

Көрікті, бақытты өмірді.

Әндегі табиғатқа байланысты сөздерді көрсет.

Қорытындылау:

  1. Табиғатқа арналған қандай әндерді, күйлерлі білесіңдер?

2.Құрманғазының тағы қандай күйлерін білесіңдер?

3.Табиғатты төрт мезгілін жырлаған ақын?

Үйге тапсырма.   Музыкадағы табиғат көрінісі. Жаңа ән:Гүлжазира Қазақстан.

Бағалау.