Саздан туған сазсырнай

Сабақтың  тақырыбы:   Саздан туған сазсырнай.

Сабақтың  мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.

Білімділік  мәні : Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және  ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы  ұлттық  өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы:Табиғатпен бірге сыр шерткен – шаңқобыз.

                                                   Актуалдау:

                        Сыбызғы аспабы неден жасалады, қалай ойналады?

                       Шаңқобыз аспабы неден жасалады, қалай ойнаймыз?

                      Тағы да қандай ұлттық музыка аспаптарын білеміз?

Ұлттық музыка аспаптары өте көп. Біздер өткен сабақтарда сыбызғымен, шаңқобызбен таныстық, бүгін тағы бір ұлттық аспап- сазсырнаймен танысамыз.

                                     Жаңа сабақ:   Саздан туған сазсырнай.

 Ерте кезде адамдар үрлеп ойнайтын аспаптар ойлап табады. Олар: сыбызғы, бұғышық. Өзі айтып тұрғандай бұғышық  жан- жануарлардың мүйізінен жасалған. Бұл аспап бұғы мен маралды шақыру үшін пайдаланған.

Табиғатпен сырласа білген қазақхалқы құстардың да үніне ұқсас аспап жасап шығарады. Бұл аспаптар саздан жасалға, құстың бейнесіндегі үскірік, тастауық, сазсырнай.

Бүгін,біз сазсырнаймен танысамыз. Сазсырнай үрмелі аспап, саздан күйдіріліп жасалынады.Аспаптың іші қуыс, бірнеше кішкене ойығы бар. Әуелі кезде бұл аспаптарды баланың ойыншығы ретінде пайдаланса, кейін нағыз музыкалық аспапқа айналды.

Ән орындайық!

  «Болайықшы осындай»әні

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады.

 Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қорытындылау :

 Балалар,  музыка аспаптары өте көп. Мысалы: гитара, баян, күйсандық, скрипка,қобыз, жетіген, флейта  т..

Бірақ, біз, қазақ халқының ұлттық музыка аспаптарын осы кезден бастап ажырата білуіміз керек. Ұлттық аспаптарымызды, музыкамызды құрметтеуіміз керек.

Дәптерге суретін салғызу.

Үйге  тапсырма:   Саздан туған сазсырнай. Болайықшы осындай»әні.

Бағалау .