Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

Сабақтың  тақырыбы:  Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

                                         Сабақтың  мақсаты:

   Санғасырлық тарихы бар  музыка   аспаптарымен  таныстыру.

Білімділік  мәні :Ұлттық музыка аспаптарының құрылысымен  таныстыру.

Дамытушылығы:     Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың  туыстастығын  көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.                            

                                             Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау:  Халық аспаптары қалай құрылды

Жаңа сабақ:   Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.

Музыка тыңдау. Н. Тлендиев «Ата толғауы» күйі.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

 Бағалау.

                                           Сабақтың  барысы:

                                             Халық аспаптары қалай құрылды?

   Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді.   Ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады.  3-4 ойығы бар.

Қазақ  халқының ішекті  музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.

 Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.  

     Бүгінгі танысытын аспаптарымыз- қобыз бен домбыраның түрлері.   Домбыра аспабының сыртқы түріне қарап екі түрге бөлінеді.Шанағы домалақ және  шанағ кішілеу. Шанағы кішілеу домбыра-  Жамбыл атамыздың домбырасы болған. Ал, біздің пайдаланып жүрген домбырамыз –Абай атамыздың домбырасы.

Домбыраның құрылысы : басы, құлағы, пернелері, мойыны, ішегі, ойығы, шанағы, тиегі, түймесі болады.

Қобыздың  екі түрі болады. Қылқобыз- ысқышпен ойналатын екі ішекті , көне музыкалық аспап.

Қобыздың екінші түрі – төрт ішекті, жаңа түрі.

 

Музыка сауаттылығы:    Нота ұзақтығы.                           

Ән орындайық! «Қошақаным»әні.

 

Қорытындылау :

* Домбыраның неше түрі бар ?

*  Қобыздың түрлерін ата.

 

Үйге  тапсырма:

* Домбыра мен қобыз аспабы.

 

Бағалау: