Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар.

Сабақтың  тақырыбы:   Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар.

 

 Сабақтың  мақсаты

Симфониялық музыка туралы жан- жақты  мағлұматтар беру.

 

Білімділік  мәні :   Жаңа жанр туралы мағлұмат беру.

 

Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.

 

Тәрбиелік  мәні :Симфониялық шығармалар  халық өмірін , тарихи шындықты, табиғат көріністерін баяндайтын шығарма екендігін жеткізе білу.

 

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

 

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы:  Симфониялық оркестр қалай пайда болды?

Актуалдау.

Симфониялық оркестрдің құрамында қандай аспаптар болады?

Жаңа сабақты түсіндіру:   Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

 

                                          Сабақтың  барысы:

Музыкалық шығармалар өзінің құрылымына, мазмұнына, орындалу ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі дейді. Мысалы: хор жанры, ән жанры, би жанры т.б.Сондай- ақ симфониялық музыка  деп аталатын жанр бар.

Симфониялық музыка  симфониялық оркестр орындайтын музыка.

Симфониялық оркестр ішекті, үрмелі, ұрмалы аспаптардан тұратын оркестрдің жетілдірілген түрі.

Симфониялық оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптарға: кларет, флейта, гобой, фагот  аспаптары жатады.

 

Қорытындылау:

  1. Қапан Мусин кім?
  2. Музыка жанры дегеніміз не?

 3 Симфониялық оркестр қандай аспаптардан тұрады?

4.Үрмелі ағаш аспаптарды ата.

Үйге тапсырма.  Оркестрдегі ағаш үрмелі аспаптар.

Бағалау.