Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.

Сабақтың  тақырыбы:   Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.

                                    Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :Сонау алыс ғасырлардан жеткен, ата – бабамыздың  өмңрңмен,өнерімен танысу.

Дамытушылығы:Музыка мен сурет,әдебиет туындыларын бір- бірімен байланыстыра білу.

Тәрбиелік  мәні : Ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы:  Таңбалы тастар сыр шертеді.

Жаңа сабақты түсіндіру:   Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Сабақтың  барысы:
                                    Өнердегі қазақ батырларының көркемдік бейнесі.


Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен?

Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.

Қазақ жерінің бір сүйемі де осылардың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Жалпы осы аттары аталған батырлардың болсын, немесе әр ғасырда өмір сүріп, әртүрлі тағдыр кешкен басқа да сандаған ұлттық деңгейдегі тұлғалардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың тұлғасын алдымен халық ішінен шыққан өнер иелері көркем сомдауға, әдебиет тілінде жырға қосуға ұмтылған. Оның ішінде әсіресе халық ауыз әдебиетінің, яғни фольклордың үлесі дара көрінеді.

 

Осының негізінде қазақ фольклоры, әсіресе эпостық жырлардың көркемдік болмыс-бітімі ғылыми танымның бүгінгі талап-тілектеріне сай зерттеле бастады. Бұл зерттеулер қазақ әдебиеттану ғылымындағы халық мұраларын тарихи тұрғыдан жаңаша зерделеудің әдістемесін тың арнаға бұрды. Осылайша, халық мұрасынын әділ, терең, әрі тарихи-салыстырмалы бағасын алуы бір жағынан осы халықтық рухани құндылықтарымыздың көркемдік деңгейінің қаншалықты биік, сапалы болғандығын көрсетсе, екіншіден көркем әдебиетіміздің ендігі өркендеу, өсу белестеріне де таптырмас қазына көзі екендігін аңғарамыз. Яғни дәстүрлі мәдениетіміздің бай арналары кейінгі көркемдік дамуға айырықша серпін берді. Жалпы, батырлық жырлардың ел тағдырындағы орнын, мәнін айтқанда, әрине әр ғасырдың, әр тарихи кезеңнің батырлық жырларға тигізетін тақырыптық, көркемдік, тілдік ерекшеліктерін де атамай кетуге болмайды. Себебі әр тарихи кезең халық, ұлт алдына айрықша, өзіндік саяси-әлеуметтік, қоғамдық-тарихи мәселелерді өткір қойып отырды. Туған жерді, Отанды қорғау идеясы, осыған қарамай барлық әдеби мұралардың басты идеялық-тақырыптық арқауы болып қалып отырғанын аңғарамыз. Мысалы, белгілі әдебиеттанушы–ғалым Е.Ысмайылов қаһармандық жырларымыз әрқилы тарихи кезеңдерде дүниеге келіп, сол кезеңдердің тарихи-саяси, әлеуметтік оқиғаларымен терең сабақтасып жатқандықтан төмендегідей саралау жасайды:

1.Қаңлы-Қыпшақ дәуіріне (“Ер Төстік”, “Көрұғлы”, “Алпамыс” т.б.) жырларды жатқызады.

2.Ноғайлы заманының жырлары деп (“Қобыланды”, “Дотан батыр”, “Едіге”, “Орақ-Мамай”, т.б.) мұрараларды атайды.

3.Қазақ пен жоңғар арасындағы күресті суреттейтін, сол тұста халыққа кеңінен таныс, ел тағдырындағы айтулы оқиғалардың бейнесін қайта тірілтетін, қайтара жаңғыртатын жырлар дейді. (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Өтеген, Сұраншы, Райымбек, Малайсары, Олжабай, Жәнібек, Тілеуке, Саңырық, Сыпатай т.б. батырларға арналып, солардың ерлік жорықтарын, батырлығын, қаһармандығын, ақыл-парасатын, әсіресе отан сүйгіштік қасиеттерін қастерлей отырып жырлайтын туындылар тобын атайды).

Бұл жыр жолдарынан батырдың ерлік жорығын дәріптей отырып, дәстүрлі жыраулық поэзия үлгісінде өмірге келген әдеби шығарма — жоқтаудың бір ұтымды үлгісін көреміз. Мұндай үлгілер сол кезеңдегі қазақ ақын-жырауларының шығармашылығында мол кездеседі. Жалпы, шешендік өнер мен ақындық қуаттың қос арнасын қатар, жарыстыра өріп отыратын, соның тоғысқан тұсында құнарлы, тегеурінді ой-толғамдарын топтап, түйіндеп жеткізетін көркемдік әдіс-тәсіл сол кездегі қазақ поэзиясына етене тән қасиеттердің бірі. Осы көркемдік арналар кейінгі кезде Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Жамбыл, Нұрпейіс, Иса, т.б. қазақ ақындарының шығармашылығынан көрініс тапты.

Сонымен бірге, халық арасында кең тараған, аңызға айналып кеткен әңгіме, жырлардың арқауында айтулы қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбаймен әрдайым үзеңгі қағыстырып, бір топта, қатар жүрген батырлар шоғырында: Өтеген, Райымбек, Бөлек, Сатай, Аралбай, Сеңкібай, Шақшақұлы Жәнібек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Есенқұл сынды жаужүрек, ақберен тұлғалардың да аттары аталады.

Бір ерекшелігі – ХVІІІ-ғасырдың бірінші жартысында қазақ елінің жылдар бойы ес жия алмай, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де жоңғар шапқыншыларына қарсы жүргізген күресінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған осынау қазақ батырларының баға жетпес бірлігі, азаматтық ынтымағы, ұлы достығы қазақ өлең-жырларының барлығында да алтын арқаудай желі тартады.

Атақты жырларымыз, сонау “Құбығұл”, “Дотан”, “Құламерген, Жоямерген”, “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Қамбар батыр”, “Ер Қосай”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Ер Тарғын”, “Күлтегін”, “Қырымның қырық батырынан” бастап өткен ғасырда ғана жарық көрген жыр алыбы Жамбылдың “Сұраншы батыр”, “Өтеген батыр”, Қ.Бекхожиннің “Науан батыр” дастандары, атақты Қабанбай, Бөгенбай, Қарасай, Райымбек, Малайсары, Саңырық, Сыпатай, т.б. батырлар жайында айтылған, жазылған көркем мұраларды дүниеге келтірген, арқауы үзілмеген тұтас шығармашылық кезеңдердің барлығы осы арнада желі тартады.

Әлдеқашан халқымыздың рухани тірегіне, дүниетанымдық тұғырына айналған бұл жырлардың, аңыз-әңгімелердің, ел ішіне кең тараған шежірелердің, барлығының көркемдік құндылығын да, идеялық бағыт-бағдарын да бағалағанда алдымен осы тарих тағылымына табан тіреуіміз аса қажет. Сонда ғана қазақ аспанында шоқ жұлдыздай жарқырап нұрын шашқан қазақ батырларының мәңгі өшпес рухы ұзақ күткен тәуелсіздігімізді баянды етуге, алған бетімізден адаспауға жол ашады.

Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді орнықтыру, нығайту мақсатында жүзеге асырып жатқан қыруар іс-шаралары да, мемлекетімізді әлем мойындайтын, жер жүзі танитын деңгейге көтерсем деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы арнада үндесіп жатқанын айтуымыз керек. Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретіндегі туған жері, туған елі үшін жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да осы тұрғыдан бағаласақ, қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз.

Ең бастысы осы идея, осы арнадағы құндылықтар – қазақ әдебиетінің сан ғасырлар бойында жасалған, сандаған кезеңдерді көктей өтіп, бірақ берік ұлттық рухани арқауынан бір сәтке де айырылмаған бай тарихындағы көркем әдебиет үлгілерінің барлығында да басты нысана болған. Сондықтан да осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын ұстындарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Және де ұлттық идеяның алтын діңгектеріндей бой көтерген рухани құндылықтарымыздың барлығы да бір ғана мақсат жолында, бір ғана мұратты көздеп халық жүрегіне жол тартты. Ол мақсат пен мұрат түптің түбінде бізді

 Музыка сауаттылығы: Ноталардың ұзақтығы.

Бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, он алтылық.

 

Қорытындылау:

  1. Түркі қағанаты қашан құрылды ?

2.Алтын адам қай жерден табылды?

3.Орхон ескерткіштерінің негізгі ойы, мақсаты?

Үйге тапсырма.  Таңбалы тастар сыр шертеді.

Бағалау.