Көнеден жеткен аспаптар.

Сабақтың  тақырыбы:   Көнеден жеткен аспаптар.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы  ұлттық өнерді танып, білу,  ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Өткен сабақты қайталау.

Жаңа сабақ: Көнеден жеткен аспаптар.

« Домбырасыз сән қайда?» әні.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

                                                 Сабақтың  барысы:

                                       Көнеден жеткен аспаптар.

   Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған.

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады.  3-4 ойығы бар.

Қазақ  халқының ішекті  музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.

 Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.       

Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

Үрмелі аспаптарды ауызбен үріп ойнаймыз.

Біліп ал: Қоңырау, асатаяқ, тұяқтас ұрмалы аспаптар бар.

Музыка сауаттылығы: Үрмелі аспаптар үріп арқылы орындалады.

Ән үйрету. Домбырасыз сән қайда?

                              Елдің жырын жырлаған

                             Қайғысын да  толғаған.

                             Домбырасыз ешқашан,

                              Жүрекке ем қомбаған.

                                       Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

                            Құрманғазы ,Тәттімбет

                           Домбырамен сайраған.

                           Жүрекке от жақсын деп,

                           Елге күйін арнаған.

 Абай , Жамбыл, сал Біржан,

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

Қорытындылау :

*   Үрмелі аспаптар қалай ойналады? 

*    Сармалай күйші қандай аспапта ойнаған ?

*   Үрмелі аспаптарды ата.

Үйге  тапсырма: көнеден жеткен аспаптар. Домбырасыз сән қайда?әні

Бағалау .