Қурай аспабы.

Сабақтың  тақырыбы:   Қурай аспабы.

                                         Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :     Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:     Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық аспаптар арқылы  ұлттық өнерді танып, білу,  ұлттық аспаптарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.                            

                                             Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Көнеден жеткен аспаптар.

« Домбырасыз сән қайда?» әні.

Жаңа сабақ:    Қурай аспабы.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

                                                 Сабақтың  барысы:

 

Сыбызғы – кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай, таңқурай т.с.с. қуыс талдардың қурайын жасап, оған үштен жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы жарылып кетпеу үшін оның сыртын мал ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен қатар, аспаптың жауын-шашынға төзімді болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бір дауыс орындаушы дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады. 

Сыбызғының үш түрі бар:

  • жез сыбызғы
  • ағаш сыбызғы 
  • қурай сыбызғы. 

Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын ағаштан жасаған. Сыбызғы аспабының бұл түрін кеуіп, қатайған қарағай, қайың сияқты қатты жынысты ағаштардың бұтағы жоқ жерінен кесіп, сыртқы жағын жонып, ортасынан бөлу арқылы жасайды. Ішкі жағын ойып, тазартып, желімдеп, қайта біріктіреді. Қурайдан жасалған сыбызғының үні қоңыр, әуезді болып шығады.Қурай сыбызғыда күй орындаған кезде аспап өзегін сумен бүркіп, оған ерекше күтім жасаған.   Жез сыбызғы  аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы өзгеше болып шығады.

Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

                                           Үрмелі аспаптарды ауызбен үріп ойнаймыз.

Ән үйрету. Домбырасыз сән қайда?

                              Елдің жырын жырлаған

                             Қайғысын да  толғаған.

                             Домбырасыз ешқашан,

                              Жүрекке ем қомбаған.

                                       Қ-сы:

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қайда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

                            Құрманғазы ,Тәттімбет

                           Домбырамен сайраған.

                           Жүрекке от жақсын деп,

                           Елге күйін арнаған.

 Абай , Жамбыл, сал Біржан,

Таңғалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған

Естіген жан тамсанған.

Қорытындылау :

*    Үрмелі аспаптар қалай ойналады? 

*    Сармалай күйші қандай аспапта ойнаған ?

*   Сыбызғы аспабының түрлерін ата.

*   Қурай аспабы қалай жасаған?

Үйге  тапсырма:  Башқұрт халқының қурай аспабы. Домбырасыз сән қайда?әні

Бағалау