Көне аспаптар сыр шертеді.

Сабақтың  тақырыбы:   Көне аспаптар сыр шертеді.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :Санғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру.

Дамытушылығы:Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін   арттыру.

Тәрбиелік  мәні :       Музыкалық асапаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

Өткен сабақты сұрау: Күй анасы-Дина.

Жаңа сабақ: Көне аспаптар сыр шертеді.

Музыка тыңдау.

Қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

  Сабақтың  барысы:

 Көне аспаптар сыр шертеді.

Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды. Ежелгі  мұндай музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған.

Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

Біліп ал: Қоңырау, асатаяқ, тұяқтас сынды ұрмалы аспаптар бар.

Ән орындайық!

Халық әні  «Қалаулым»

Мінген атым астымда құла қасқа, а-хау,

Шеңбер салдым құдыққа құламасқа, қалаулым- ай.

Әдейі іздеп аулыңа мен барғанда , а- хау,

Танымаған адамдай тұра қашпа, қалаулым- ай.

Қайырмасы:

Алматы мен Қоғалы-ай,

Әркімнің көңілі жоғары –ай.

Аса байлық не керек,

 Ден сау болса, болғаны-ай.

Жүгіріп шықтым белеске

 Белес жақын емес пе?

Осы отырған отырыс

Бір ғанибет емес пе?

Қорытындылау :

*   Ұрмалы аспаптар қалай ойналады? 

*   ұрмалы аспаптарды не үшін пайдаланған?

*  ұрмалы аспаптарды ата.

Үйге  тапсырма:

*  Көне аспаптар сыр шертеді, Халық әні  «Қалаулым»

 

Бағалау: