Күйші Төлеген Момбеков

Сабақтың  тақырыбы:   Күйші Төлеген Момбеков

 

 Сабақтың  мақсаты

.

Білімділік  мәні :  Күйшінің өмірімен  таныстыру

 

Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.

.                                                      

Тәрбиелік  мәні :Ұлттық өнерді дәріптеу

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

 

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

 

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, сыныпты түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру: Төлеген Момбеков.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

 

                                          Сабақтың  барысы:

Төлеген Момбеков

Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданы, Сызған ауылы) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжаров. «Қаратау», «Қара жорға», «Ыңғай төкпе», т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әлиевтен тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген «Телқоңыр», «Боз інгеннің бүлкілі», «Бес жорға», «Шалқыма», «Жолаушының жолды коңыры» секілді күйлерін орындады. Оның «Қосбасар», «Мешін», «Салтанат», «Қат-қабат», «Мың жылқы», «Ел жаңа», «Асу», «Анама», «Қоштасу», «Қаратаудың шертпесі» т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің репертуарында орындалды.[1] 1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы — аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам.

 

Қорытындылау:

1.Төлеген Момбеков кім?

  1. Ұстазы кім?

 3 Қай жерде дүниеге келді?

Үйге тапсырма. Оқып, түсінігін айту.

Бағалау.