Күздің кереметі

159

Күздің кереметі 3-сынып

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой — қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс — жидек, көкөністер, слайд.

Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Сабақтың әдісі: Топтастыру, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, мақал — мәтелдер, сұрақ — жауап.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру,

 II үй жұмысын тексеру

 

ІІІ. «Миға шабуыл»

Жұмбақ шешкізу.

  1. Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан. ( Сәбіз)

  1. Әр желінің асты толған көк қоян,

Көк қоянды жаз болғанда жеп қоям. (Қияр)

  1. Іші жұмсақ, сүті қатты,

Еті қызыл, сүтті тәтті. (Қарбыз)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең, жылатады. (Пияз)

  1. Басым — дене, денем бас,

Мойным қысқа бұрылмас (Орамжапырақ)

  1. Ұзын мұртты сарылар

Қойнында наны бар. (Бидай)

 

Сұрақтар:

  1. Осы өнімдер қай кезде піседі?
  2. Күздігүнгі ауа райын сипаттап бер.
  3. Күз айларын ата.
  4. Күз туралы қандай және кімнің өлеңдерін білесің?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: Әдібай Табылдиевтің «Күздің кереметі» мәтіні. Автормен қысқаша таныстыру.

Әдібай Табылдиев – Жамбыл облысы, Луговой ауданында 1926 жылы дүниеге келген. «Сөз бөбектегі» деген алғашқы кітабы шыққан.

 

  1. Мәтінді оқып беру.
  2. Сұрақтарға жауап беру.

а)

ә)

б)

  1. Мәтіннен сары түспен жазылған сөздерді тауып оқы, күз мезгіліне қатысты екендігін дәлелде.

1-топ: Күз – байлық, молшылық.

2-топ: Күз – ет пен май.

3-топ: Күз – қауырт жұмыстың кезі.

 

  1. Дәптермен жұмыс.
  2. Күз — байлық, молшылық
  3. Күз- ет пен май.
  4. Күз – қауырт жұмыстың кезі.

 

ІҮ.  Сергіту сәті.

 

Ү. Шығармашылық тапсырма

1 — топ. «Күз — байлық, молшылық» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

Жоспар құру.

  1. Күздің кереметтері
  2. Күз байлығы
  3. Қызу еңбек

 

2 — топ. Осы мәтінге байланысты бақшадағы жемістердің  сурет салу.

 

3 — топ. Күз туралы өлең шығару.

 

Әрбір топтың жұмысын тексеру.

 

ҮІ. Семантикалық карта

 

  ожау Жан-жануар Ұзынды -қысқалы Жабысқан егіз шөлмек Түсі мен дәмі алуан түрлі
картоп            
қызанақ            
Қарбыз            
Қияр            
асқабақ            

 

 

  1. Қорытынды.

Қорыта айтқанда, күзде аянбай еңбек етсек, қыста қысылмайды екенбіз.

Мақалдар.

  1. Еңбегің қатты болса

Жегенің тәтті болады.

  1. Еңбек етсең емесің.
  2. Еңбек етпеген ішіп — жемейді.

 

  1. Бағалау. Жеміс-жидектер тарату.

 

  1. Үйге тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаяны

Әдібай Табылды

 

       

Педагогика ғылымдарының докторы, ұстаз-ғалым, ақын, жазушы, әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің профессоры,Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, республикалық Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері Әдібай Табылдиев 1926 жылы 2 қаңтарда қазіргі Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келді.

Педагог-ақынның ұстаздық еңбегі 1944-50 жылдары сол Жаңатұрмыс ауылындағы Қазақ орта мектебінің аға пионер вожатыйы және бастауыш сыныптарының мұғалімі қызметінен басталады. Осы қызметті атқара жүріп, жас педагог 1948-49 жылдары Тараз қаласында Абай атындағы Педагогикалық Училищеде сырттай оқып, оны жақсы аяқтады.

 

Педагогтық жұмысында білімдарлығымен, іскерлігімен белгілі бола бастаған жас мұғалім, 1950 жылы осы аудандағы Каменка орыс-қазақ мектебінің оқу бөлімін басқаруға жіберілді. Ол жұмысты 1950-1957 жылдары абыроймен орындады.

 

Жас педагог ұстаздық қызметін атқара жүріп, 1949-1955 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық Институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде сырттай оқып бітірді.

 

Педагогтық іс тәжірибелерімен ауданға, облысқа белгілі болған педагог 1957 жылы осы аудандағы Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебінің директоры қызметіне жіберіліп, ол қызметте 1968 жылға дейін істеді. Ұлағатты ұстаз 1963-1967 жылдары Алматыдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында сырттай оқып, 1967 жылы «Қазақ мектептерінде эпостық шығармаларды оқытудың әдістемесі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежені иеленді.

 

Ұстаздық және шығармашылық істерімен белгілі ақын, педагог-ғалым 1968 жылы ҚазССР Ғылым Академиясының қасынан құрылған Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясына қызметке шақырылып, онда 1968-1972 жылдары философия педагогика редакциясының аға редакторы қызметін, 1972-1980 жылдары тіл-әдебиет редакциясының меңгерушісі қызметін атқарды. ҚСЭ-ның 1 – 12 томдарына 120 ғылыми мақала жазды (1970 — 1980).

 

Дарынды педагог 1980 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университенінің жариялаған конкурсынан өтіп, педагогика кафедрасының аға оқытушысы болып қызметке орналасты. Одақтық және университеттік сараптаушылардың шешімімен оған 1991 жылы доцент, 1995 жылы әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетінің профессоры деген ғылыми атақ берілді.

 

1980 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жалпы және этностық педагогика кафедрасында тыңғылықты қызмет атқарып келеді. Қазақ этнопедагогикасы ғылымының пәндік бағдарламаларын түзіп, оқу құралдарын жазып, 2004 жылы «Қазақ этнопедагогикасының дидактикалық негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежеге ие болды.

 

Балажан ақын 1959 жылы шыққан «Бөбекке сөз» жинағынан бастап 2006-2008 жылдары жарық көрген  бес томдық таңдамалы жинағына дейінгі аралықта балаларға арнап 37 кітап шығарды. Сөйтіп балаларға арналған тақпақ, ертегі, скетч, инсценировка, пьеса, интермедия, қойылым жанрларында шығарма жазып, қазақ балалар әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты.

 

Ақын сатира жанрында да қалам тартып, сатиралық эпиграммалар мен скетчтер,мысқылдар мен мысалдар, қысқа әңгімелер жазды. «Қой бағу оңай ма?», «Мен кіммін білесің бе?», «Әзіл-оспақ,сын-сықақ» жинақтары арқылы жазушы-ақын белгілі сатирик ретінде,жұртшылық арасында кеңінен танымал болды.

 

Педагог ақынның «Алыптардың алыбы», «Бәрекелді Кірпі», «Ғажайып бақ» сияқты ертегі пьесалары республикалық қуыршақ тетрында қойылды. Ақынның оннан аса қойылымдары республикалық теледидар, радио қорларында сақталып, үнемі күнделікті бағдарламаларда беріліп келеді.

 

Ғалымның оннан аса ғылыми-әдістемелік оқу-құралдары негізінен оқушыларды, студенттерді тәрбиелеу оқыту мәселесіне арналған.

 

Көрнекті ұстаз, еңбекқор ғалым негізінен, ұлттық тәрбиенің ғылыми теориялық мәселелерін зертеумен айналысып келеді. Сөйтіп ол қазақ этнопедагогикасы ғылымының негізін қалаушыларының бірі болды.Жоғары оқу орындарына арнап, «Қазақ этнопедагогикасы»пәнін оқытудың типтік бағдарламасын(2000) жасады.  «Қазақ этнопедагогикасы»(20001), «Ұлттық тәрбие иірімдері», (2001 ж.),»Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбиесі» (2003) «Қазақ этнопедагогикасы және оқыту әдістемесі» (2004ж.), «Этнопедагогикалық оқылымдар» (2005 ж.) тағы басқа,жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген,  оннан астам оқу құралдарында қазақ этнопедагогикасы – ұлттық мәдениетіміздің ғылыми көрсеткіші, қайнар көзі ұлттық тәрбиенің құнды құралы екендігін жан-жақты талдап көрсетті.

 

Ұлағатты ұстаздың «Әдеп әліппесі» (1997 ж.) оқу құралы республиканың барлық қазақ  мектептерінде жеке пән ретінде, тәрбие құралы ретінде кеңінен пайдаланылып жүр.

 

Ғалымның «Халық тағылымы» (1992ж.), «Тағылым» (1995ж.), «Қазақ этнопедагогикасының оқытудың әдістемесі» (2000 ж.) тағы басқа ғылыми монографиялық еңбектерін жоғары мектеп оқытушылары оқу-тәрбие ісіне жан-жақты пайдаланып жүр.

 

Ғалым-педагог «Қазақ этнопедагогикасы» атты оқу құралы үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық сыйлыктың иегері (2001)болды,көп жылдық ғылыми-практикалық еңбектері үшін Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007)атағына ие болды. ҚазССР-ның және ССРО-ның оқу ісінің озаты болды, бірнеше медальмен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Оқыту және тәрбиелеу ісінің әдістемелерін шәкірттеріне үйретумен қатар, еңбектері мерзімді баспасөз беттерінде үздіксіз жарияланып келеді (200 мақала). Ұлттық тәлім-тәрбиенің, яғни қазақ этнопедагогикасының ғылыми негіздерін жүйелеп оқыту әдістемелерін жетілдіріп келе жатқан ұстаз мектептермен және жоғары оқу орындарымен өнегелі іс-тәжірибелерін бөлісіп отырады.