Күй құдіреті, сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.

Сабақтың  тақырыбы:   Күй құдіреті, сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.

                                    Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :Композиторлардың  сауаты жоқ  кездегі  жазған күйлерінің   құдіретіне

                                         шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

                                         таныту   Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін, толықтыру.

Дамытушылығы:    Ұлы күйші- композиторлар туралы мағлұматтар беру.Тәрбиелік  мәні : Ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сыныпты түгендеу.

Үй тапсырмасы: Мұхит сал.

Жаңа сабақты түсіндіру: Күй құдіреті, сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.

Қорытындылау.

 

Үйге тапсырма.

 Сабақтың  барысы:

Қазақ халқының біздің дәуірімізге дейін сақталып қалған асыл мұрасы – күй өнері.Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ      кезде дүниеге келген ән- күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан- қолға көшіп біздің заманымызға жетті.Қазақ халқы өзінің көңіл- күйі мен  арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Күйдің құдіреттілігі жөнінде ақын Ілияс Жансүгіров былыай деп жырлаған:

Тайпалап жорға болып салдырған күй,

Мейірін тыңдағанның қандырған күй.

Тартқанда зарылдатып,сұңқылдатып

Аққуды аспандағы қондырған күй.- деп күйдің мазмұны мен сырын терең бағалай біліп, поэзия тілімен шебер суреттеген.Күй өнерімен ел құрметіне бөленген қазақтың дарынды ұл- қыздарының аз болмағанын білеміз.

Суырып салма ақындар мен бармағынан бал тамған күйшілер арқылы бізге жеткен назды әндер, ғаажайып күйлер халқымыздың музыка мұрасы ғана емес,мәдени байлыға, рухани азығы болып отыр.Күйлер: Айтыс күйлер, аңыз күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, тарихи, тартыс,  төкпе, шертпе, халық  күйлері болып бөлінсе, атақты, ұлы күйшілеріміз: Құрманғазы, Дина, Сүгір, Қазанғап, Тәттімбет, Қорқыт, Дәулеткерей, Боғда, Махамбет т.б ал, қазіргі  заманда  күй жанрын елге танытқан, еңбек еткен Қ. Ахмедияров, Х. Тастанбеков, А. Райымбергенов, С. Тұрысбеков т.б. ағаларымызды айтып кетуіміз керек.

 Музыка тыңдау.

Күйлерді  ажырата білу.

 

Қорытындылау

1.Күй дегеніміз не?

2.Күйдің түрлері?

  1. Қазіргі күйші композторларымыз кімдер?

 

Үйге тапсырма. Күй құдіреті, сары даланы сазбен тербеткен композиторлар.

 

Бағалау.