Күй шебері -Тәттімбет

Сабақтың  тақырыбы:   Күй шебері -Тәттімбет

Сабақтың  мақсаты:   Күйші композиторлардың   

                                         шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

                                         таныту.

Білімділік  мәні :       Оқушылардың  жан – жақты  білімдерін 

                                      арттыру.

Дамытушылығы:     Жас  өспірімдердің    музыкаға  деген 

                                      ықыласын  дамыту,есте сақтау,  ырғақты                    

                                      айыру,тыңдай  білу, айыра  білу, есту  

                                      қабылеттерін қалыптастыру,  дамыту.

Тәрбиелік  мәні :       Күйші  композиторларының  музыкалық 

                                      шығармалары  арқылы халық              

                                      музыканың  тәрбиелік  мәнін

                                      тыңдату ,  сезіну  , арқылы  бойына  сіңіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау,  шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру

Музыка тыңдау

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма

Сабақтың  барысы:

-Балалар  саламатсыңдарма!

 -Бүгінгі  өтетін  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:

 Күй шебері Тәттімбет.

Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады.Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы.Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыраорындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі.

Музыкалық  шығарманы  тыңдау: «Саржайлау»күйі

 Музыка тыңдау ережелері:

*    Музыканы ден қойып тыңда

*    Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.  

Музыкалық  сауат  ашу:

Күй—  музыкалық аспапта орындалатын  шығарма.

Күйші-  күйді орындайтын адам.

 Күйші- композитор күйді шығарушы.

Қорытындылау :

*   Қазақтың  күйші композиторларын   ата.

*   Домбыра   аспабына  жазылған  қандай  күйлерді

   білесің ?

Үйге  тапсырма:

*   Күй шебері Тәттімбет

Бағалау: