Жалқы есім мен жалпы есім

49

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім мен жалпы есім

Сабақтың мақсаты:

1) Зат есім, зат есімнің жалқы және жалпы есімдері туралы алған білімдерін пысықтау.

2) Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білуге жаттықтыру.

3) Сауатты әрі көркем жазуға, зейінділікке баулу.

Сабақтың түрі: пысықта сабақ (саяхат  сабақ)

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, практикалық, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

  1. Оқушылармен амандасу
  2. Сабаққа назарын аударту

— Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Бүгін біз ойша бір қалаға саяхат жасаймыз. Қай қалаға баратынымызды білесіңдер ме? (жоқ). Олай болса бәріміз бір ойын ойнаймыз. Ойынның шарты мынандай: күннің көзі біздің саяхат жасайтын қаламызға жарқырамай тұр. Себебі аспанды бұлт торлап кеткен. Біздің мақсатымыз тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы аспаннан бұлтты қууымыз керек. Күнге көмектесеміз бе? (ия)

  1. Ойын: «Күнге көмектесейік!»

Бұлтшадағы тапсырмалар:

  1. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады)
  2. Зат есімнің сұрақтарын ата. (кім? кімдер? не? нелер?)
  3. Зат есімнің қандай түрлері бар? (жалқы есім, жалпы есім)
  4. Жалқы есім дегеніміз не?
  5. Жалпы есім дегеніміз не?

 

-Оқушылар, суретте қай қала бейнеленген? (Орал)

-Орал қандай есім? (жалқы есім)

-Орал сөзін басқаша қалай атап, оны жалпы есімге айналдыруға болады? (қала)

-Оралдың әдемі, көрікті жерлері өте көп. Орал – облысымыздың орталығы болып табылады. Оралдың қандай әдемі жерлеріне бардыңдар?(оқушылардың жауаптары тыңдалады) Керемет!

-Оқушылар бүгін біздер қаламыздағы Достық даңғылы бойындағы ескерткіштеріне саяхат жасаймыз.

-Ескерткіш қандай есім? (жалпы есім)

 

ІІ.Мағынаны тану.

1-ескерткіш. М.Мәметова ескерткіші.

Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова ескерткіші орнатылған алаң оңтүстіктен слотүстікке қарай қаланың бас магистралымен Достық даңғылында қиылысады. Ескерткішті ашылу салтанаты 1988 жылғы 23 сәуірде болған. Ескетркіштің негізгі идеясы – біздің жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры М,Мәметованың өшпес ерлігін мәңгілікке қалдыру, ол осы жерде Отанына деген сүйіспеншілік пен шын берілгендіктің алғашқы талпынысын жерлестеріне мұраға алған.

-Балалар, биыл Ұлы Жеңістің неше жылдығын тойлаймыз? (70 жыл)

 

М.Мәметованың тапсырмасы:

Топтастыру: Ұлы Отан Соғысына қатысқан қандай батырларды білеміз? (М.Мәметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, Т.Бегилдинов, Нүркен Әбдіров, т.б)

-Олар қандай есімдер? (жалқы есімдер)

 

2-ескерткіш. Сырым Датұлы ескерткіші.

Сырым Датұлына қойылған ескерткіш 200 жылғы 30 мамырда Орал қаласында Достық даңғылындағы облысты мәслихаттың алдында қазақ халқының айрықша дарынды да, дара ұлы, бірегейқайраткер Сырым датұлының туғанына 260 жыл толуына орай ескерткіш орнатылды. Сырым Датұлы – ұлт-азаттың көтерісінің бірінші көшбасшысы болған.

 

С.Датұлының тапсырмасы:

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу. Сөздің қандай есәм екені айту.

  1. ……тышқан көрсе, бас салады. (мысық – жалпы есім)
  2. ……кісінейді.(жылқы – жалпы есім)
  3. ……. – біздің елбасы. (Н.Ә.Назарбаев)
  4. ……. еліміздің астанасы. (Астана – жалқы есім)

 

СЕРГІТУ СӘТІ.

«Күн мен түн» ойыны.

Шарты: мұғалімнің бұйрығы бойынша «Түн» дегенде балалар «ұйықтайды». Мұғалім бір оқушының алдына «кім?», «не?», «кімдер?» «нелер?» сұрағының біреуін қояды. «Күн» дегенде оқушылар «оянып», сол сұраққа жауап береді.

 

3-ескерткіш. Абай Құнанбаев.

Қазақстың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші 2002 жылғы 27 тамызда Орал қаласының орталық алаңында ұлы ақын, философ, ағартушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлына ескерткіш ашылды.

 

Абайдың тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма)

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдегі жалпы, жалқы есімдерді табу.

 

4-ескерткіш. А.С.Пушкин ескерткіші.

Орыстың кемеңгер ақыны А.С.Пушкин Орал қаласында 1833 жылдың қыркүйек айында болған. Оралдықтар ұлы ақынды құрмет тұтады және 1993 жылы Пугачев алаңында осы ескетркішті оның құрметіне орнатқан.

 

А.С.Пушкиннің тапсырмасы:

Сөйлемдерді оқы. Жалқы есімдер мен жалпы есімдерді тап. Қарамен жазылған сөздің үш тілдік баламасын айт.

  1. Назым хат жазды. (хат – письмо — letter)
  2. Бейсен апасына көмектесті. (апа – сестра – sister)
  3. Гүлнұр тамақ пісірді. (тамақ – еда — food)
  4. Ағашқа құс қонды. (ағаш – дерево — tree)

 

ІІІ.Толғаныс

«Венн» диаграммасы

Жалқы есім Ұқсастығы Жалпы есім
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар

Бас әріппен жазылады

Зат есім

Кім? Кімдер?

Не? Нелер?

 

Жалқы есімдерден басқа зат есімдер

 

 

Кіші әріппен жазылады.

 

 

Бағалау, мадақтау. Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды жұлдызшалармен марапаттау

 

 

Үйге тапсырма: 4-ж, 140-бет

 

 

Күтілетін нәтиже:

Кісінің аты-жөні, жер-су аттары, жан-жануарларға қойылған атаулар жалқы есімдер, ал қалғандары жалпы есімдер екенін біледі.