Бұхар жыраудың өсиет сөзі.

415

Сабақтың  тақырыбы:   Бұхар жыраудың өсиет сөзі.

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :   Оқушыларды жыраулық өнердің құдіретімен   таныстыру.                          

Дамытушылығы:  Жыраулар  туралы деректер жинау.                                                     

Тәрбиелік  мәні :   Сөйлеу мәдениетіне, сөзге тоқтай білуге тәрбиелеу,елін сүюге тәрбиелеу.    

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.                                  

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түгендеу, амандасу.

Үй тапсырмасы:  Ақтамберді жырау.

Жаңа сабақты түсіндіру.   Бұхар жыраудың өсиет сөзі.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

                                          Сабақтың  барысы:

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі Көшербай болысының 6- шы ауыл. «Қарақ» деген жері. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,Қалыңсыз жар құштырған, ханым-ай.Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген.

 Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігін суреттеледі.Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,

“Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес”,

Бұхар жырау термесі. Ән айту.

Биік тауға жарасар

Ығына тиген панасы.

Терең сайға жарасар

Тобылғылы саласы

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы.

Ақсақалғажарсар

Тілеуқорлық айласы

Бәйбішеге жарасар

Еміздіктеген сабасы.

 

 

 

Қорытындылау:

 

1 Бұхар жыраудың туған жері?

 

  1. Бұхар жырау қай ханның ақылшысы болған?

 

3.Жыраудың кесенесі  қай жерде орналасқан?

 

Үйге тапсырма. Бұхар  жыраудың  өмірі.  «Не жаман» термесі. Жаттау.