Дина «Әсем қоңыр»

93

Сабақтың тақырыбы:   Дина «Әсем қоңыр»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: — Оқушыға  Дина күйлерін үйрету,насихаттау.

Тәрбиелілігі: — Дина әжеміздің

күйлерін,шығармаларын оқушыға түсіндіру.

-Күйдің шығу тарихын білу.

Дамытушылығы: — Күй анасының «Арнау күйлерімен» таныстыру.

  • Аппликатуралық ерекшеліктерді, штрихтарды меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі:  —   Слайдтар

  • Үнтаспа
  • Дина өмірінен баспасөз көрмесі.

Сабақтың әдісі:                 —    Баяндау

  • Ойнап көрсету
  • Талдау.

Сабақтың барысы: Сыныпқа оқушы Динаның күйі «Тойбастармен» кіреді

-Саламатсыңба?!  Күндегі әдетіңше сені сабаққа

толық  әзірлікпен келді деп есептеймін.

Ендеше үй  тапсырмасын  орындап көрелік.

Үй тапсырмасы: — Этюд №3, қос дыбысты,бір октавалы

ми мажор  гаммасы.

(Үй тапсырмасын орындаған соң,кейбір қателермен

жұмыс жасаймыз Ноталарды  тазалап ,

сабақты  беркітеміз).

Жаңа сабақ:      — Сені бүгінгі жаңа сабағымызбен таныстырып өтейін.

Сабағымыздың тақырыбы Динаның күйі «Әсем қоңыр».

Күйді алдымен тыңдап көрейік. (Күйді өзім ойнаймын).

Динаның күйлерін ойнамас бұрын шығу тарихына,өміріне,

шығармаларына тоқталып өтейік.

Дина Нұрпейісова 1861 жылы БҚО Жаңақала ауданы ,Бекетай құмында дүниеге келген.Әкесі Кенже әрі палуан,әрі күйші болған.Кішкентайынан домбыраға әуестігін байқаған соң ,9 жасында Құрманғазымен  кездесіп, күйшіге шәкірт болады.Ұстазының күйлерін тартумен қатар өз жанынан күй де шығарады.Күйлері «Бұл – бұл» , «Жігер», «Тойбастар», «Әсемқоңыр», «Жеңіс», «Байжұма», «Көгентүп», т.б 1937 жылы А.Жұбанов елге Смағұл Көшекбаевты жіберіп,күй анасын Алматыға алдырады.Халық таланттарының  II – республикалық слетіне қатысып,жүлдегер атанады.

Өнер ордасына келген соң,Дина шабыттана түседі.Қазақстанның 20 жылдығына арнап «Тойбастар», Ұлы жеіңске арнап «Жеңіс»,майданға аттанған ұлына арнап «Ана бұйрығы» күйлерін шығарады.

1955 жылы дүниеден өтерінде қолына домбырасын  алып, ұстазының «Қайран шешем» күйін тартқан екен.

Дина Нұрпейісова есімі қазақ өнерінде алтын әріптермен жазулы.Дина атында оқу орындары, мұражай, көшелер бар.

Бүгінде Дина шеше ұрпақтары ортамызда.

Жеке өміріне арналған

күйлер

Арнау күйлер Патриоттық       күйлер
1 Қосалқа Бұл – бұл 16 – жыл
2 Қарақасқа ат Өттің, дәурен Тойбастар
3 Домалатпай Әсем қоңыр 8 – март
4 Әсем қоңыр Жігер Жеңіс
5 Ана бұйрығы Байжұма Қазақстанға 30 жыл
6 Жаңа бозшолақ Еңбек ері
7 Мереке Сауыншы
8 Науай

 

Осының ішінде «Әсем қоңыр» күйіне тоқтасақ.Күй – арнау арнау күйге жатады.

Әжеміз Алматыға қоныс аударар жылы «Қоңыр» атты қызына былай деп жазып кетіпті:

Құлыным менің!Жыр алыбы Жамбылмен қатар жасағаныма қуаныштымын.Бірақ менімен мәңгілікке қоштасар сәттің де жақындап қалды.Жаныма бағалаған тағдырлас перзентім едің. Бұл өмірде көрген жәбір – жапаң бір басыңа жеткілікті – ақ болды.Тек қайғыра көрме. Өйткені алдыңда нұлы болашақ жарқырап, сүйеніш – жебеушің сүйікті  коммунистік партиямыз бауырына басып тұр.Ол тұрғанда ешкім де жетімдік, кемдік көрмейді.Әлі – ақ елдің алдына түсесің. Бағиланың да бағы жанады. Оған ешқашан күмәнданушы болма. Мен сенің нүрлы болашағыңа арнап өлмес ескерткіш қалдырдым. Ол сенің бұдан былайғы әсем өмірің мен өз есіміңнің қосындысымен аталатын «Әсем қоңыр» атты күйім.

Шынында  да,  музыка  мамандарының  дәл  бағалағанындай  «Әсем қоңыр» аттына заты сай, тыңдаушыларының жүрегіне жарқын жол тапқан әсем күй ғой шіркін!Күйдің әрбір дыбысынан  бүгінгі таңдағы бақытты балалардың  балғын  үндері  мен шат – шадыман  күлкілері айшықты,айқын аңғарылып отырады.

Енді күйімізді нотадан оқу үшін теориялық талдау  жасаймыз.

Күйдің аты «Әсем қоңыр»

Авторы: Дина Нұрпейісова

Лады: минорлы

Ырғағы; 

Альтерация белгісі: Ми минорда фа диез,ля минорда кілт белгісі жоқ.

Кездейсоқ альтерация белгісі: фа диез (6-шы басқыш жоғарылап, ля

минордың әуендік түріне өтеді).

Өлшемі: 24

Динамикалық белгілері: P; PP; mf;

Штрихтары:

Құрылымы:бас буын, негізгі буын саға.

Ой қорыту: 1) Дина әжеміз қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

2) Дина шешеміздің  арнау күйлерін (балаларына арнаған) ата……

3) Бүгінгі сабақтан қандай қағыстарды  үйрендіңдер?

Сабақты қортындылау: Бүгінгі сабағымыз Дина

әжемізбен  байланысқандықтан тақырыпты

тереңірек  біліп, білімімізді тереңдету үшін

мынандай әдебиеттерді ұсынамын.

  • «Күй тілі – ана тілі, рух тілі» Атырау – 2011 ж.

Г.Т.Шуақбаеваның мақалалары 71,196 беттер.

2) «Дина күйші» Алматы -2010 «Сом алтынның сынығы»308 бет.

3) «Өнер ордасы» Арыс – 2008 ж

4) Айтжан Тоқтаған,Айтолқын Тоқтаған «Күйші Дина».

«Азия – Арна» баспасы,2011 ж

5) Қ.Ахмедиаров Дина «Әсем қоңыр» Алматы – 1997 ж

Оқушыны бағалау.

Сабақтың соңы.