Эстрадалық-симфониялық музыка

63

Сабақтың  тақырыбы:  Эстрадалық-симфониялық музыка

Сабақтың    мақсаты:  Оқушыларды эстрадалық-симфониялық музыкамен таныстыру

 

Дамытушылығы:                 Эстрадалық-симфониялық музыканың  адам өміріндегі маңызына мән беру

Тәрбиелігі:                             Эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу

Көрнекілігі:                                                 Суреттер ,үнтаспа

Сабақтың барысы:                                  Ұйымдастырушылық кезең

Ұлттық мазмұндағы синтездік іріктеу және 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы европалық түрді таңдау нәтижесінде қазақ опералық өнерінің классикалық шығармалары — Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», А. Жұбанов, Л. Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» опералары дүниеге келді. Олардың драматургиялық және музыкалық негізі — қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың шексіз мүмкіндігі арқылы жасалған. Опералық театр сахнасы 19 ғ. ақындары Біржан мен Сара арасындағы қызу айтыс, той дәстүрі. 19 ғасырдағы ұлт — азаттық көтеріліс батырының әндері, ақын және күйші Махамбеттің және ән -жоқтаулар орындалатын аренаға айналды. 60-70 жж.. Республикада европалық аспапты музыканың күрделі жанры-симфониялық музыка өнері өте жақсы дамыды. Ғ.Жұбановның, Қ.Қожамьяровтың симфониялары, симфониялық күй-жаңа жанрлық синтез осылай пайда болды. Ұлттық аудитория қазақтың монодикалық музыкасының оркестрлік және интерпретациясын ерекше қабылдады. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестр көпшілікке жақсы танымал өнер ұжымына айналды. Б. Сарыбаев сияқты ғалым -фольклоршы қайта әкелген қазақ музыкалық аспаптары оның құрамына кірді. Күйлердің оркестрлік орындалуында батырлардың бейнелері, бәйге аттарының шабысы, кең даланың бауыры жазылған бейнесі, халықтық мейрамдар кезіндегі шерулер — барлығы бір арнаға тоғысады. Бұл ұжымның нақты бетінің танылуына осы ансамбльдің жетекшісі және дирижері, композитор және домбырашысы Н. Тілендиевтің аса көп еңбегі сіңді.

Бағалау:

Үйге тапсырма:

Қорытынды: