Неміс маршы

29

Сабақтың тақырыбы : Неміс маршы

Сабақтың  мақсаты :        Оқушыларға әлемге әйгілі

Неміс  марш музыкасын

таныстыру,тарихын түсіндіру

 

Дамытушылық :                   Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән

иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-

ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың түрі  :                                       Жаңа сабақ

 

Көрнекілігі :                                                 Суреттер, үнтаспа, оқулық

 

Сабақтың барысы :                              Ұйымдастыру кезеңі

 

Неміс музыкасы — біздің заманға дейінгі I мың жылдықта ежелгі неміс тайпаларында луре аспабында ойнау тәжірибесі болған. Одан кейінгі уақыттағы әдеби және тарихи ескерткіштер өлең мәдениетінің ерекше дамығанына куә болды. Германияның орта ғасырларда аумақтық-мемлекеттік бөлшектенуі, оның музыкалық фольклорының жергілікті стильдерінің қалыптасуына әсер етті. Шекаралық ән диалектісі көрші елдердің (славяндардың, француздардың, нидерландылық, скандинавтардың) фольклорымен тығыз қатынаста болды. Феодалдық мемлекеттілік алғанына (IX ғасырда) және христиан дінін ресми қабылдағанына байланысты, көбінесе шіркеу музыкасы таралды. Неміс әндері григорияндық хоралға әсер етті (Ахендік капелланың қызметі, IX ғасырда)

Шіркеу музыкасымен катар зиялы музыкалық өнер шпильман да өркендеді. Ол ваганттардың және голиардтардың музыкасына, XIV—XVI ғасырлар кезбе шеберлердің музыкасына ықпалы болды. Шпильмандардың музыка интонация аясының миннезингерлердің зиялы кәсіби өнеріне ықпалы болды (XII—XIV ғасырлар). Миннезингерлердің, шпильмандардың, ваганттардың бізге жеткен өлең жинақтары XIV ғасырда жатады («Йен жинағы», 1930; «Лохам жинағы», XV ғасырда ортасы). XIV—XVI ғасырлар қалалардың тез өсуіне байланысты қалалық музыканттар өз бірлестіктеріне — мейстерзинерлер біріге бастады. Олардың ішінде — Нюрнбергтен келген Г.Фольц, Г.Сакс бар. Сол уақытқа жататын ескерткіштердің бірі — В.Фогтың өлең жинағы (1558 жылы). XII—XIII ғасырлар бастап қала музыканттары цехтық бірлестіктерге біріге бастады. XV—XVI ғасырлар бюргерлік ортада үй музыкасына көп назар аударылған (лютня, т.б. аспаптарда ойнау). XV—XVI ғасырлар органдық музыка ерекше дамып, неміс музыкасын Еуропадағы алдыңғы орындардың біріне шығарды (сазгерлер: К.Пауман, А.Шлик, Х.Бухнер, Х.Кошмер, 0. Лисиниус, П.Хофхаймер). Зиялы және шіркеу музыкасында Нидерландылық мектептің ықпалымен полифония музыкасының мағынасы көтерілді. Жетекші жанрлар — месса, мотет, псалма, полифоникалық тұрмыстық және рухани әндер. Реформация және шаруа соғысы кезінде (1524—1526) М.Лютердің қызметінің көмегімен протестандық хорал пайда болды, ол неміс музыкасының демократ бағытын нығайтты

 

Қорытындылау:               Оқушылардың  тест сұрақтар арқылы түсініктерін

пысықтау

Бағалау :                          Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы

оқушыларға баға қою

 

Үйге тапсырма :                        Тақырыпты үйден оқып келу