Орыс халқының музыкасы

Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы

Мақсаты:

 Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу. Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т.б

 Көрнекілігі: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа

Сабақтың барысы: «Біз-бейбіт ел ұланы» әнін орындап, оқушылар сыныпқа кіреді. –

 

Қандай музыка? -Марш! (есік қағылады) -Кіріңіз! (Буратино кіреді) Мұғалім:- О,Буратино, кіре ғой, қайдан жүрсің? Буратино:- Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осында ма екен? Мұғалім:- Иә, олар осы сыныпта. Буратино: -Бұл балалар көп біледі ме,мен жолдан мынандай кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер, нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді) Мұғалім:-Буратино, бұлардың қандай кілттер екенін білмейсің бе? Буратино:-Жоқ! Мұғалім:- Балалар, бұл қандай кілт, нені ашады? (оқушылар жауап береді) — Ендеше мына тақтадағы сиқырлы ноталарды ашайық, осы кілт ашады ғой деймін. (ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді) Буратино: – Таптым! Осы ерекше кілтпен мына ноталарды ашайық, қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын, кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістік пе? Мұғалім:- Жарайды, келісейік пе, балалар? 1-ші нотаны ашайық, қандай нота «ДО»Үй тапсырмасы ( «Ахмет Жұбанов» атты сөзжұмбақ арқылы үй тапсырмасы тексеріледі) – Келесі қандай нота? (Буратино «ми» деп айқайлайды) -Жоқ, Буратино қателесесің, «ре» нотасы. «РЕ»Жаңа сабақ -Қазақстан жерінде әр түрлі ұлттардың өкілдері тұрады.Қазақтар қай халықты болсын жатырқамайтын, кіммен болса да, достық пен сыйластықта өмір сүрген халық. — Біздің жерімізде қандай ұлттар тұрады? (оқушылар жауап береді) -Қазақстанның көршілес қандай мемлекеттер бар? — Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттері бар,бүгінгі сабақтан бастап, көршілес мемлекеттердің музыкаларымен танысатын боламыз.Республикамызбен шектесетін мемлекеттің бірі – Ресей Федерациясы. Біз Ресеймен ғасырлар бойы көршілес тату елміз.Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар. ( әр аспаптың қалай ойналатынын көрсету және оқушыларға қолдарымен ұстатып ойнату) «МИ» Музыка тыңдау Орыстың музыка аспаптарында орындайтын «Камаринская», «Калинка» атты халық әндерін тыңдау. -Қандай музыкалық аспаптың үндерін естіп тұрсыңдар, музыка көңілді ме? — Қазақтың домбыра аспабында күйші, әрі домбырашы Бақыт Қарабалина орыстың шығармаларын көп ойнаған, (портретінкөрсетемін) тыңдайық. «ФА»Ән орындау — Қазақ халқының әзіл айтыс өнері сияқты орыс халқында частушки айтылады. Алдарыңда частушки әнінің сөзі жатыр, 1 рет оқып шығыңдар.(әнді орындау, не жайлы екенін талқылап, көңілді, ойнақы орындауға үйрету) «СОЛЬ» Би билеу -Балалар, қазақтың «Қамажай», «Қара жорға» халық әндеріне билеп көрдіңдер ме? Орыстың «Во поле береза стояла» әніне билейміз деп биші қыздар қонаққа келді, тамашалайық. (орыстың ұлттық киімін киген қыздар билейді) «ЛЯ»Сабақты бекіту — Балалар бүгін сабақта не өттік? — Қай халықтың музыкасымен таныстыңдар? — Қандай шығармалар тыңдадыңдар? — Орындаған частушки ұнады ма? Үйге осы әнді жаттап келесіңдер. «СИ» Бағалау — Буратино, оқушылар сабаққа қалай қатысты? Кілттерін санап бағалап жіберші. — Енді, Буратино соңғы нотаны өзің ашуыңды сұраймыз. «ДО» Сау болыңдар! (Буратино оқушылармен қоштасады)