Өзбектің әндері мен билері, ұйғыр халқының музыкалық мұрасы

134

МУЗЫКА   4-сынып

Сабақтың тақырыбы : Өзбектің әндері мен билері, ұйғыр халқының музыкалық мұрасы

Сабақтың  мақсаты :        Оқушыларға өзбектің әндері мен билері,

ұйғыр халқының музыкасын

таныстыру,тарихын түсіндіру

 

Дамытушылық :                   Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән

иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-

ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың түрі  :                                       Жаңа сабақ

 

Көрнекілігі :                                                 Суреттер, үнтаспа, оқулық

 

Сабақтың барысы :                              Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІІ. Жаңа сабақ

         Өзбектің негізгі халық музыкалық аспаптары мыналар:

Ысқышпен ойналатын аспаптар Шертіп тартатын ішекті аспаптар

 

Ұрмалы ішекті аспаптар Үрмелі аспаптар Ұрмалы аспаптар
гиджак,

сато,

сетор;

дутар,

танбур,

ур,

рубаб

чанг сибизик, буламан, сурнай, қошнай, гаджир, карнай дойра,

нагора,

сафаиль

Өзбек халқында Шығыс халықтарының көпшілігіндегі тәрізді халықтық фольклордың үлкен екі тармағы бар. Оның бірі – халық шығармашылығы және ауызша дәстүрлері өнер – макомдар (қазақша – мақамдар). Өзбек ән жанрындағы салалар – терма (қазақша – терме), қошук, лапар, ялла, ашула.

Рубаб                  Уд             Танбур        Дутар         Сурнай

ІҮ.Музыка тыңдау (өзбекше музыка тыңдату)

 

Ұйғыр музыка өнері өзінің даму жолында өзіне ғана тән көркемдік дәстүр түрлерін, сонымен қатар, орындаушылық шеберлігін үйренуде ерекше әдістерді қалыптастыра алды. Осы түрлерді қатарында өзінің әуезді, иірімі күрделі, сұлу сырлы дыбыстардан тұратын «мұқамдар» мәні мен мағынасы, мазмұны мен түрінің жинақтылығы жағынан жетілген өнер түрі ретінде қабылдануға ылайық [4]. Ұйғыр әндерінің ең басты ерекшелігі олардың халықтық, ұлттық мінез-құлықты аша алуында болса керек. Өйткені, бұл өнер түрі елдің тұрмысымен, ішкі жан-дүниесімен рухани тығыз байланыста. Әріде сөзбен, әуенмен жеткізе алмаған тұстарында ұлттық сана айтар сөзін бимен де беріп отыратындығы – оның жалпы музыкамен ішкі үйлесімділігін көрсететін қасиеттің бірі. Әуендік әркелкілігімен ерекшеленетін Қазақстандағы ұйғыр халық әндерін екі топқа бөле қарастыруға болады:

  1. Аспаптық қосылусыз (аспапсыз): а) жеке дауысты орындауда; ә) хормен бірнеше дауыстың орындауында.
  2. Халықтық аспаптың, немесе бірнеше аспаптардың, я болмаса оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын әндер.

Осындағы аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын әндер ерекше назар аудартады. ШҰАР-да да Қазақстанда да ең көп аккомпонемент жасайтын аспап хордофон тобындағы «тамбир» болп табылады. Бұл халық орындаушыларының арасында «ең негізгі аспап» ретінде танылып, қадірленеді. Сонымен қатар ұйғыр халық әндері равап, гиджак және дутардың да сүйемелденуінде орындалады. Дутар да – халық арасында кеңінен танылып, қолданылған аспаптың бірі

 

Қорытындылау:               Оқушылардың  тест сұрақтар арқылы түсініктерін

пысықтау

Бағалау :                          Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы

оқушыларға баға қою

Үйге тапсырма :