Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »

46

Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »

Әйтеке би кенті

Ханша:      — Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той — думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?

 

Алдар көсенің ойындары:

 

« Ал, алма! ». ( Күлмес ханшамен )

« Есекпен жарыс » ( балалармен )

« Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »

( тәрбиешілермен )

 

Ханша:      — Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!

 

Хан:           — Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Әуен сазымен екі уәзір шығады:

 

Уәзір:                  Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында

керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.

 

Батырлар биі орындалады.

 

Хан:           — Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сараймда ойын-сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!

 

Ханша:             — Көтеріңкі көңіл –күй,

Сыйлаңыздар әрине.

Той-думанда барлық үй,

Ат салыссын баріне.

 

Өлең айтып, би – биле,

Ойын ойнап көңілді.

Әзіл айтып тамаша,

Өткізейік бүгінді.

 

Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

  • Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.

Тазша бала : « Өтірік өлең » орындайды

 

Ханша:      — Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен

орын ал, төрлетіңіз.

( Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )

 

Хан: — Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім

бар екен.

 

Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

  • Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті, көрсететін өнерлері бар екен.

 

Қаңбақ шал мен кемпірі: « Мазақтама » әнін  

орындайды.

 

Ханша: — Төрлетіңіздер! Біздің тойдың  құрметті

қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен ?

 

( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )

 

Хабаршы:  — Келесі  қонағымыз дарияның арғы бетінен

келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:

 

Мақта қыз бен мысық:  « Көңілді би » орындайды.

 

Ханша: — Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!

Хан: — Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің

қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай  әсері болмады ма ?!

 

 

 

Ханша: — Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?

 

Хабаршы: — Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар

көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?

 

Хан: — Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі

тиер.

 

( Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )

 

Ханша:      — Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!

 

Хан:           — Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыйымды алсын!

 

Алдар келіп ханның сыйлығын алады.

 

Алдар:       — Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?

 

Хан:           — Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!

 

Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.