Сабақтың атауы Шара Жиенқұлова

83

Сабақтың атауы Шара  Жиенқұлова

Сілтеме А.Жайымов, Б.Ысқақов,  6сынып оқулығы 18-19 бет, Слайдтар.
Жалпы мақсаты

 

Оқушылардың Шара Жиенқұлова туралы білімдерін кеңейту,бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастыру,Ш.Жиенқұлованың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі туралы мәлімет беру, оқушылардың алған білімін тиянақтау.
 Міндеттер:

 

1.      Шара Жиенқұлова туралы ақпарат беру және оның өмірбаянымен таныстыру.

2.      Оқушылардың музыкалық  білімін, сауатын шығармашылық белсенділігін арттыру,ырғақты сезіну,есту есте сақтау қабілетін дамыту.

3.       Оқушыларды іздемпаздыққа, өнерді бағалауға,сыпайылыққа, достыққа  тәрбиелеу.

Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне сүйену

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін және топпен жұмыс жасау амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

Мұғалімнің

іс әрекеті

1.Шара Жиенқұлова туралы ұғым, білімді  қалыптастыру.

2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа тақырып жайлы түсінік қалыптастыру;

3.Оқушылардың бірін бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы.

4.Оқуға бағыттап отыру.

5.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Тапсырмалар

wiki  беттерінен жүктелген дереккөздер

 

 

Музыка оқулығы және Интернет фотосуреттер.
1 сабақ. Тақырыбы: Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығы.
Бишінің өмірі мен шығармашылығы. Белгіленуге арналған түйінді сөздер:  Биші,актер . Шара Жиенқұлованың басқа  биші, актерлармен байланысы Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығының арасындағы байланысты,

айырмашылықтарын анықтау

 

 

 

 

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0, 5мин

СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Мұғалімнің іс әрекеті;-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпты ашу

-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену  жолдарын табу

І. Психологиялық дайындық. /1 мин/  1-слайд  

 

Білімге  әркез талпынтқан,

Ұстазым менің армысың!  (Балалар  ұстазына бас иіп амандасады)

Бірге  оқып, бірге  жүрген

Сыныптпстар армысың!   (Балалар бір-біріне  бас иіп амандасады)

Шаттық  шеңбер құрайық,

Шаттанып  кеп  тұрайық.

Шара Жиенқұлованың билері арқылы   топқа бөлу.

1-топ  Қамажай биі  (қызыл түс)

2-топ  Қаржорға  биі     (көк түс)

Сабақтың  барысы:  Мұғалім  сөзі

Оқушылар! Сендерді қызықты  тапсырмалар  күтіп  тұр. Сендерден  ұйымшылдықпен көтеріңкі  көңіл  күймен сабаққа  қатысуды  сұраймын.

Мақсатымыз — білім  алу,

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп  жұмыла,

/5-ке/ қолды  жеткізу.

-Үй тапсырмасы: Күлаш Байсейітованың «Ақ дариға» әнін қайталату.       

ІІ.Қызығушылықты ояту.  Слайд 2

 

Миға шабуыл. Ойлан тап (дидактикалық  ойын)./ 2мин/

Тор көздегі  әріптерді рет-ретімен қойып бүгінгі  сабағымыздың тақырыбын ашайық.

 

р Ш а а  

 

қ л и а е ж о ы Н ұ в н ң
3 1 4 2 5 7 2 10 3 1 8 12 11 6 9 4 13

 

и е б р л і
2 4 1 5 3 6

 

Мұғалім сұрақ:Ойлан тап дидактикалық ойыннан, қандай сөз шықты?

/Шара Жиенқұлованың  билері /

                                          

 

 

                                                     

 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту

-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу

-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету

ІІІ. Мағынаны тану     Слайд 3,4,5,6    /  5мин/

  

                                 Бишінің  өмірбаяны   Слайд 3,4,5,6

   Ендеше біз биші және актер  жайлы не білеміз?                

Шара Жиенқұлова 1912 жылы 18  тамызда Алматыда  дүниеге  келді.Азан шақырып  қойған  аты-  Гүлшар.Шара 16 жасында Биші  қыз  атағын жеңіп  алды.Қазақстанның  халық  артисі-Шара Жиенқұлова-қазақтың кәсіби  өнеріндегі дара  дарындардың  бірі.Ол драма  театрында  актер,одан  соң опера театырында  биші  болған.Сонымен  бірге Ш.Жиенқұлова-кино  өнерінде де еңбек  сіңірген  дарынды  актер.Ш.Жиенқұлова «Тәттімбет» , «Айжан қыз», « Қара  жорға»  т.б билерді дүниеге  әкелді.    

 

                 Ой ашар .5мин.слайд 7     /8мин/

Мұғалім сөзі: Ал не  білмейміз?     Шара Жиенқұлова  туралы?   

    (мәтін тарату )    карточкамен  жұмыс, пікір алмасу.

Шара  Жиенқұлованың биінен үзінді көрсету /Видео/

Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсе-не қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

 

                      Ш. Жиенқұлованың биіндегі музыкасын тыңдату. Слайд8                                    Сергіту сәті . Би билеу. 

Ш.Жиенқұлованың « Қамажай» « Қара жорға»

Осы биден қандай әсер алдыңдар?

Бидің  мазмұнында не айтылған?      

 -Шағын топта талқылаймыз, әр топ өз аттарын қорғау. /3 мин /               

Тапсырма  :Карточкамен  жұмыс.  / 2мин/

 Талантты және  дарынды оқушылар үшін.Слайд 9 

                                        ВЕНН –диаграмасы .

Осы күнгі бишілер Шұғыла Сол кездегі бишілер Шара.
 

 

 

         Шұғыла

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
                   Шара

Сұрақ: Олардың айырмашылығы неде? Талқылау /5мин/   

ІУ. Ой толғаныс. Слайл 10

«Би падишасы» тақырыбына эссе жазу./5мин/

Әр топтан үздік жазған эссені автор орындығына келіп оқиды./8мин/

 

У. Ой қорытынды

Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не  туралы болды?

    Шара Жиенқұлова  өмірі мен шығармашылығы   / 5 мин/

Бағалау (түрлері)

-оқушының өзін-өзі бағалауы

-топтың өзін-өзі бағалауы

-мұғалімнің бағалауы

-жалпы бағалау

-критерийлер арқылы бағалау

Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Топтың аты: Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала Белсенділігін бағала Мұғалімнің бағалауы
1 «Қамажай»тобы
2»Қара жорға»тобы.
3
4

 

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау  

 

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу…

-өз пікірін дәлелдеу…

-үйде жалғастыру…

Слайд 6/2                                           

 Үйге тапсырма жазып ал     /1мин/

Шара Жиенқұлова  эссені аяқтау .

Кәзіргі бишілермен бұрынғы бишілердің    ұқсастығы.

 

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

 -оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

— оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?

Оқушы алған білімінің деңгейі;

Оқушылар сабақта белсенді қатысты, бірігіп жұмысты жасап, ынтымақтастық атмосфера  болды деп ойлаймын.Оқушылар психологиялық дайындық арқылы «Қамажай » «Қара жорға » би тобына бөліп, сабағымызды  «Ойлан тап » дидактикалық ойын  арқылы  тақырыпты аштым .Тақырыбым Шара Жиенқұлова  туралы болғандықтан  бишінің  өмір баянымен таныстырып , әр түрлі билердің өмірге келгені туралы да тоқталдым .Ой ашар бөлімінде бишінің өмірі туралы не білмейміз ?әңгімесіне мәтін тарату арқылы карточкамен жұмыс жүргіздім . Бұл тапсырмада балалар өздерінің Шара туралы білмеген толық  мәліметтерін  видео, мәтін арқылы ортаға салып қызу талқылап екі топ қызу пікірлерін  жеткізе білді .

Сергіту сәті бойынша екі тап өз топтарының аттарын қорғап «Қамажай » « Қара жорға » билерінің шығу тарихына тоқталды .

Талантты және дарынды оқушылар үшін ВЕНН диаграммасы бойынша  Шұғыла мен Шараға топтастыру жұмысын жүргізіп олардың айырмашылығы мен ұқсастығы  тапты . Ой толғаныс бөлімі бойынша «Би патшасы »  тақырыбына эссе жазып ең үздік жазылған шығарманы  автор оқыды .Оқушылардың  сабақтан алған білімдерін ортаға сала отырыпсұрақ –жауап арқылы  сабақты қорытындыладық    

Бұл сабақ әдебиетпен тығыз байланыста болғандықтан  сауал қоя білу , талдау жасау , баяндау ,өз ойларын қызу талқылау , бірлесіп, топпен жұмыс жасау сыныпқа өте ұнады . Оқушылар сабақта өз белсенділіктерін көрсете білді . Сабақ менінше  жақсы өтті бірақ  бүгінгі сабағымдағы кемшіліктерім ,уақытты ұтымды пайдалану , әрбір кезеңде уақыттың жетіспеуі ол оқушылардың топпен жұмыс жасауға әлі дайын болмауы  .Ал   жалпы сабақты алғанда сабақ жақсы  өтті. Әлі де кемшіліктерімді дұрыстауым керек .

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды  бөлу . Би атауымен .

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар деңгейлік болды.

3.Дарынды  және талантты оқушылармен   жұмыс ./картчкамен/