Үрмелі аспаптар оркестрі

111

Сыныбы:   3

Сабақтың тақырыбы: Үрмелі аспаптар оркестрі.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға үрмелі музыкалық оркестр құрамындағы аспаптармен таныстыру, оларға түсінік беру;

Дамытушылық: Музыкалық аспаптармен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Музыкалық аспаптарды қадірлей, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту.

Көрнекілігі: үрлемелі музыкалық аспаптардың суреті, нота тақтасы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Оқушылармен амандасу;
  3. Балаларды түгелдеу;

Балалар әнұран орындайды. Сол кезде есік қағылады.

Мұғалім: — Кіріңіз (ел бала кіреді). О, Елбала кіреғой, қайдан жүрсің?

Елбала: -Жаңа жолда кетіп бара жатқанымда, балалардың ән айтып жатқанын естіп қалып едім, олар осындама екен?

Мұғалім: — Ия, олар осы сыныпта. Кел төрлет.

Елбала: —Бұл балалар көп біледі ме? Мен жолдан көп кілттер тауып алдым, бірақ қандай кілттер нені ашатынын білмей басым қатты. (бірнеше скрипка кілттерді көрсетеді)

Мұғалім: -Балалар бұл кілттер нені ашады біздер елбалаға бірігіп көмектесейік. Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді осы сиқырлы кілтпен  ноталарды ашайық.(ішіндегі жылтыраған ерекше скрипка кілтті көрсетеді). Сіздер білесіз балалар. Бұл соль кілті. Нота дыбыстарын ашады.

Елбала: — Қалған кілттерді кімде-кім сабаққа жақсы қатысып отырса, соған беріп отырамын. Кімде көп кілттер болса, ол жақсы баға алады, келістікпе?

Мұғалім: — Жарайды, келісейікпе балалар? Ендеше елбаланың қоржынында бізге деген сыйлығы бар. Соны ашайық. 1-ші «До» нотасы.

  1. Үй тапсырмасы:
  2. Бүгінгі заман музыкасын қалай түсінесіз?
  3. Нота дегеніміз не?
  4. Ертегідегі жеті баланың аттарын атап бер?
  5. Музыканың ең бірінші нотасы?
  6. Үрмелі музыкалық аспаптарды ата?

Мұғалім: — Жарайсыңдар, балалар. Үй тапсырмасына жақсы дайындықпен келген екенсіздер. Әрі қарай елбаланың қоржынынан сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз. «Ре» нотасы.

  • Жаңа сабақ

Балалар дәптерлерімізді ашып жазайық. Бүгінгі күннің ретін және бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Үрлемелі аспаптар оркестрі».

Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — ағаштан не жезден жасалған үрлемелі және соқпалы музыка аспаптардағы орындаушылар ұжымы. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі әр қилы акустикикалық жағдайда — концерт залдарында, ашық ауада, марштарда пайдаланылады. Сондай-ақ мәдени-көпшілік, қоғамдық, спорт, салтанатты мейрам-той жиындарын өткізуде кеңінен қолданылады. Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі — көпшілікке кеңінен тараған музыкалық ұжымдардың бірі.

Yрлемелі және соқпалы музыкалық аспаптар тобы б.з.б. Ежелгі Египет, Иран, Грекия, Қытай, Yндістан елдерінде салтанатты діни жиындарда және әскери жорықтарда қолданылған. Еуропада XVII ғасырда пайда болды; ал Ресейдің әскери полктеріне тұңғыш рет XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында енгізілді. XIX ғасырда жетілдірілген үрлемелі музыкалық аспаптардың пайда болуы Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрініңорындаушылық қабілетін кеңейтті. XX ғасырда Yрлемелі музыкалық аспаптар оркестрінің 3 түрі (кіші, орташа, үлкен) қалыптасып, кейбір үлгілі әскери оркестрде және мемлекеттікYрлемелі музыкалық аспаптар оркестрі құрамында 80 — 100 орындаушыға дейін болды. Оның құрамына ағаштан жасалған музыкалық аспаптар (флейта, гобой, кларнет, саксофон, фагот), жезден жасалған музыкалық аспаптар (валторна, труба, тромбон, корнет,баритон, бас және контрабас) және соқпалы музыкалық аспаптар тобы кіреді. Кейде үлкен оркестр құрамында арфа, рояль, челеста, қоңырау, там-там, маримба, вибрафон, т.б. музыкалық аспаптар да пайдаланылады. Ол мәдениет сарайлары мен музыка  насихаттау кештерінде, көркемөнерпаздар үйірмелерінде қойылатын опера, балет, драма спектакльдер мен концерттерде, т.б. қолданылады. 1990 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясы жанынан үрлемелі аспаптар оркестрі құрылып, оның көркемдік жағын Қ.Ахметов басқарды. Бұл ұжым Франция мен Испанияда өткен үрлемелі музыка фестиваліне, ал 1998 жылы Тайваньда өткен Халықараралық музыка фестиваліне қатысты. Қазақтың мемлекеттік үрлемелі оркестрі репертуарынан Е.Рахмадиев, Б.Баяхунов, Ә.Бестібаев, Т.Қажығалиев, Б.Қыдырбек, т.б. композиторлардың шығармалары елеулі орын алады.

 

Флейта                                            Саксафон

 

 

Ерте заманда адамдар құстармен, жан-жануарлармен сөйлесе білген. Олар алдымен құстың, жануардың дыбысын жақсылап тыңдап, кейін дәл сондай дыбысты өздеріайтып көруге талпынған. Түрлі дыбысты алдымен ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптармен салды. Ұрып, сілкіп ойнайтын аспаптарда аттың шабысын, құстың ұшқанын жануардың жүргенін т.б. салатын болған. Аспаптар осылай «сөйлей» бастады.
Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы — халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты.

Сыбызғы

Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми-бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты.

Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын. Қазақ жерінің көп аймақтарында кең таралған.

 

Шаңқобыз -қазақтың көне музыкалык аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден не күмістен жасалған. Шаңқобыз арасына бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы (тоны) тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына коңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әндері мен «Шаңкауыздың толғауы» секілді күй де бар. Шаңқобыз халық аспаптар оркестрінде, ансамбльдерде қолданылады әрі жеке де ойналады. Ш. тектес музыкалық аспаптар моңғол, өзбек, қырғыз, орыс, украин, т.б. халыктары арасында да кең тараған.Шаңқобыздыңсирек кездесетін түрі – ағаш шаңқобыз.Үйеңкі, қайың, жемісағаштарынанжасалады. Ортадан кесілген ағаш ұштары екі жағынан тесіліп, жіп-бау тағылады. Аспап орындаушысы жіп-баудытарта отырып, босату, тербету арқылы тілшені қозғалтады. Ағашшаңқобызда жеңіл әндер мен шағын күйлер орындалады.

Ертеде шаңқобыз кішкентай балалар мен әйелдер аспабы болған. Шаңқобызға арналған «Қызұзату», «Қыззары», «Қызмұңы», «Шаңқобыз толғауы» сияқты шағын күйлер шығарылған.

 

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  1. «Ми» нотасы-Музыка сауаттылығы.

 

-Балалар, енді музыкалық сауаттылығымызды ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі танысқалы отырған нотамыз:

Бес сызықтың астында

Орналасқан жайы бар

«До»-ның ылғи қасында

Қатарланған жолы бар

Бұл «Ре» нотасы. Төмендегі бірінші сызықтың астында орналасады. -Балалар, дәптерімізге жазып алайық.

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  1. «Фа» нотасы- Ән орындау.

Отан әнін үйрету. (1. Сөзін оқып, мазмұнымен таныстыру, оқушылармен бірігіп орындау)

Отаным кең далам орманды,                   Қ-сы:   Туған жер алтын таң

Болаттан соғылған қорғанды                               Кең далам таулы орман

Бақыттың, шаттықтың мекені                             Ұл мен қыз қорғаймыз

Қолдаймын, қорғаймын Отанды                         Бақытты ұлы Отан, Отан

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  1. «Соль» нотасы- Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақты мына сөзжұмбақ арқылы қорытындылаймыз

Сұрақтар:

  1. Бірінші сызықтың бойында орналасқан нота?

2.Үрлемелі аспаптар оркестр құрамындағы аспатардың бірі?

  1. Үрлемелі музыкалық аспаптардың бірі?
  2. Қазақтың ұрмалы аспаптарының бірі?
  3. Қазақтың аспаптық музыкасы қалай аталады?
  4. Музыкада дыбыстың жазылу белгісі қалай аталады?

 

д н
т с а о
р а б т
м у з ы к а
и б с л ү
а ы й
р
н
а
й

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  • «Ля» нотасы- Үйге тапсырма
  1. Үрмелі аспаптар суретін салып, түсіндіру
  2. Отаным әнін жаттау.

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  • «Си» нотасы- Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Балалар елбаланың қоржынынан тағы да сыйлық алайық. Бұл қандай нота? Дұрыс айтасыз.

  1. «До» нотасы- Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!