Армысың, әз-Наурыз!

66

Сабақтың тақырыбы :          Армысың, әз-Наурыз!

             Жаңа ән үйрену:  «Наурыз тойы»   Әні, сөзі Сайлаубек Елмановтікі

            Сабақтың мақсаты :    Оқушыларға Наурыз туралы мәлімет бере отырып, осы мерекеге орай наурыз туралы ән үйрету, жергілікті ақын-композиторлардың шығармашылығымен таныстыру.

            Сабақтың міндеті:

            Білімділік: Баланың музыкалық қабілетінің дамуына ықпал ете отырып, наурыз туралы таным-түсініктерін кеңейту.

            Дамытушылық:   Есту, есте сақтау қабілетін дамыту, музыкалық сауатын ашу, білімін             тереңдету.

            Тәрбиелік:  Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрді сүйе білуге, құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға тәрбиелеу

            Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

            Сабақтың типі:  Аралас сабақ.

            Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы, компьютерлік оқыту технологиясы, түсіндірмелі, сұрақ-жауап., баяндау, жеке оқушымен жұмыс, дарынды оқушымен жұмыс.

            Сабақтың көрнекілігі:   С. Елманов «Шалқар шабыт шашуы», наурыз туралы мәліметтер, интерактивті тақта, слайдтар,  дидактикалық материалдар, музыкалық аспап.

            Сабақтың барысы:   

               Ұйымдастыру бөлімі:

                                   а)Сынып оқушыларын түгендеу.

                                   ә)Оқу құралдарын тексеру.

                                   б)Сыныптың санитарлық тазалығын қадағалау.  

            Үй тапсырмасын сұрау:   

            а)   «Ананың тілі»  Әбиірбек Тіналиев     әні

            ә) Ана тақырыбына ой-толғау.

            Актуалдау:  Осы ай жылдың қай мезгіліне жатады? Бұл мезгілде табиғатта қандай өзгерістер болады? Бұл айда қандай мерекелер бар?

Олай болса, осы наурыз айына байланысты сөзжұмбағымызды шешейік. Енді, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы осы наурыз мерекесіне байланысты болмақ.  Біз бүгін жергілікті ақын-сазгеріміз Сайлаубек Елмановтың «Наурыз тойы» әнімен танысамыз.

Жаңа сабақ.  С. Елманов «Наурыз тойы» әні.

            Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

            Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Елманов Сайлаубек Елманұлы 1962 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарыбұлақ кеңшарында дүниеге келген. Әкесі Есімбетов Елман  соғыс ардагері, ауыл ұстасы, пошта бастығы боп қызмет жасап, 1970 жылы дүниеден өткен. 1969-1970 жылдары Қорғантұз орта мектебінен 1 сыныпты бітіріп, 2-3 сыныпты Алақозы ауылында атасының қолында оқыған. 1973 жылы 4 сыныпты №2 мектепте, 1974 жылы №1 мектепте 5  сыныпқа барып, 1979 жылы аталмыш мектепті бітірген.  1989 жылдан  бастап  айтыс  ақыны.  Шығарған әндері: «Мектебім», «Достарым», «Ақтөбе», «Шалқарым- жұмақтың бесігі», «Неке жүзігі», «Көңіл толқыны», «Жан досым», «Арманым» т.б.

Дамыту: 

                     Жаңа ән үйрету :  «Наурыз тойы»   Әні, сөзі Сайлаубек Елмановтікі

                     Жеке оқушылармен жұмыс: Кеспе қағаздар

      №1  «Наурыз» атауы қай тілден енген? Мағынасы қандай?

      №2  Наурыз көже қалай жасалады? Неше тағам салынады?

      №3  Наурызда берілетін қандай баталарды білесің?

      №4  Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

     №5 Наурыз туралы  қандай әндер білесіңдер?

Олай болса, қазақ халқының мұзбалақ ақыны М. Мақатаевтың сөзіне жазылған Т.Сарыбаевтың әні «Наурыз-думанды» Аружанның орындауында тыңдап көрейік.

      Бекіту:   Біз бүгін қандай әнмен таныстық?

                  Сайлаубек Елманов кім?

                  Шалқар өңірінен шыққан қандай ақын-композиторларды білесіңдер?

                  Жалпы,  наурыз мерекесі туралы не білесіңдер?

                  Отбасында наурыз мерекесін қалай қарсы аласыңдар?

      Қорыту:  Наурызда жарқылдаған жасын от бар,
Адамдар құлай сүйген қасиет бар.
Ұлтымның дәстүр- салтын жарқыратқан
Жырында жүрек тербер өсиет бар.

      Үйге тапсырма:  Олай болса, үйге тапсырма С. Елмановтың «Наурыз тойы» әнін

        жаттап келу ә) Шалқар өңірінен шыққан ақын-композиторлар туралы мәнжазба.

            Бағалау: