«Домбыраның бұрауы ,қағыстар» 2 сынып оқушысы Қоңырбаева Нұршат

Сабақтың тақырыбы: «Домбыраның бұрауы ,қағыстар»  2 сынып оқушысы   Қоңырбаева Нұршат

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыға  домбыра аспабы туралы  , домбыраның  құлақ күйін  келтірудегі  ерекшеліктері өзіне ғана тән саздық өзгешелігі жөнінде толық мағлұмат беру. Оқушыға   аспаптың құлақ күйін  оң,теріс бұрауда келтіруді   түсіндіре отырып, түрлі қағыстармен , орындалу ерекшелігін  көрсету.

Дамытушылық:   Домбыраның бұрауын білу,  Оң, теріс бұраудағы күйлерді қағыс түрлерін меңгеру деңгейін дамыту.

Тәрбиелік: Күйді орындаумен қатар,шығу тарихын, аңызын білуге, қазақтың күй өнерін қастерлей білуге үйрету .

Сабақтың түрі : Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:  буклет,сурет

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру:  Қол жаттықтыру мақсатында  D-dur  гаммасын ойнау.  Л.Хамиди  №4 этюд  жатқа ойнау.

 Мұғалімнің сөзі:   Домбыраның қыр сырын , қағысын, пернелерін, нота        сауатын танып білгеннен кейін ,  аспаптың құлақ күйін  оң,теріс бұрауда келтіруді   , түрлі қағыстармен , орындалу ерекшелігін  үйренеміз.

Жаңа сабақ: «Домбыраның бұрауы ,қағыстар»

Домбыраның  құлақ  күйі  негізінен  оң (таза кварта),  теріс (таза квинта)  бұрауларға  келтіріледі.  Қазақтың  күйшілік  дәстүрінде  мұнан  өзге  шалыс  бұрау (секунда), қалыс бұрау (үлкен терция), тел бұрау (унисон) деп  аталатын көне түрлері де болған. Бұл бұраулар Тәттімбет, Тоқа заманына  дейін қолданыста болғаны   айтылады, күй тартудың бұл  бұраулардағы тәсілдері күрделі болғандықтан  мұндай  құлақ  күйлерімен күй тарту күй сайыстарында ғана ойнаған.

 

  

Домбыра аспабында оң қолдың  қозғалысы  арқылы  дыбыс шығару әдісі қағыс деп аталады. Алғашқы қағысты меңгеру барысында  екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:

— «Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі қағыс;

— «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;

—  «Триоль» — сұқ саусақ бас бармақ сұқсаусақ «сбс» Қазанғап күйлерінде кездесетін қағыс түрлері;

— «Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;

— «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.

Қара шертіс» -төрт саусақпен шертіп ойнау.

    —  «Дара шертіс»— даралап әр ішекті кезек-кезек шертіп.

Раздық Ахметжанұлы « Аңшының зары»

Раздық күйші (1905–1949) – сазгер, шертпе күй шеберінің бірі.

Раздық Ахметжанұлы қазақ елі мен Қытай Халық республикасының Шыңжаң өлкесіне бірдей танымал күйші-сазгер. Раздықтың ұстазы белгілі Шортай домбырашы. 1925–1930 жылдары əбден қартайып барып дүние салады. Осы Шортабай күйшіден тəлім-тəрбие алған Раздық, шыңдала

келе өз жанынан да күй шығара бастайды.

Раздықтың «Аңшының зары», «Шыңырау», «Сал күрең», күйлері күні бүгінге дейін өз бояуын жоғалтпай, өз тарихымен жадымда сақталып келеді.
«Аңшының зары» күйі өз алдына бір аңыз. Аңыз екі ағайынды жігіт ортасында өткен тарихи трагедияны баяндайды.

«Аңшының зары»- Бір аңыздың желісіне құрылған күй . Аңшылықты кәсіп қылған ағайынды екі жігіт ,бір таудың шатқалында аң аулап жүреді.Абайсызда інісінің оғынан ағасы жазым болады .Осы қайғылы жағдайды жеңгесіне естіртуге , інісі керегеде ілулі тұрған домбыраны алып,бір мұңды күй шертеді.Күй мұңынан аңшылық сапарларында не болғанын  сезген жеңгесі, «Ағаңнан айрылып қалғаннан саумысың? »деген екен.

Үнтаспадан «Аңшының зары» күйі тыңдалады.

Дамыту:Күй үш бөлімнен тұрады ,бірінші бөлім  кіріспе қос ішекті «шертіп қағу» арқылы ,екінші бөлім «іліп шерту» арқылы  қаралы хабарды баяндайды.Соңғы бөлімі күйден гөрі әнге,жоқтау сарынына келеді.Күй шерпе дәстүрінде теріс бұрауда ойналады.C-dur  тональнісінде жазылған ,кездейсоқ си бемоль белгісі кездеседі,2\4,3\4 өлшемдері алмасып отырады.

Бекіту :  Домбыраның бұрауы  негізгі түрлері ?

Қандай қағыстарды білесің?

Раздық  Ахметжан ұлы деген кім ?

« Аңшының зары » күйінің шығу тарихы?

Қорытындылау : Бүгінгі  сабақта    Домбыраның бұрауының  еркшелігін түсініп,оның түрлерімен, қағыстардың түрлерімен таныстық. Раздықтың теріс бұрауда ойналатын  «Аңшының зары » күйімен таныстық .Күйдегі кездесетін  штрихтарымен жұмыс жасадық. Шертпе  күйдің тағы бір майталман өкілі    шертпе күй  шеберін танып ,біліп,оның шығармашылығы жайында мағлұмат алдық. Сөзімді қорыта келе өнер деген қиындығы мен қызығы мол жолда, өзіне қазақтың киелі домбырасын серік еткен ,өнердің биік шыңына өрлей берген,жүрегі, жаны қазақ деп соғатын ұрпақ тәрбиелеймін деп сенім білдіремін.

Үйге тапсырма : Раздық  «Аңшының зары» күйін берілген жерге дейін жүргізіп ойнау.

Бағалау:  Жақсы Өте жақсы.