«Шертпе күйдің орындалу тәсілдері» Сүгірдің күйі «Кертолғау»

218

Сабақтың тақырыбы:     «Шертпе күйдің орындалу тәсілдері»  Сүгірдің күйі «Кертолғау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:                   Оқушыға шертпе күйде орындалатын әдіс-тәсілдерді

үйрету,композитордың  өмірбаянымен,

шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылығы:Шертпе күйде кездесетін түрлі қағыстарды аспапта орын

дау арқылы оқушының музыкалық сауатын дамыту,

оқушының сабаққа белсенділігін,зейінін арттыру,есте

сақтау қабілетін дамыта отырып,ой-өрісін шыңдау.

Тәрбиелілігі:        Ұлттық күйшілік өнерді, оның ішінде шертпе күй өнерін

оқушының бойына дарытып,ұлттық рухани сезімін ояту,

халқымыздың асыл мұрасын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Көрнекілігі:          Тірек–сызба,композитордың портреті,буклет,үнтаспа

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру,назарын

сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру: Е dur  гаммасын әр түрлі қағыстармен ойнау.

№10 этюд Л.Хамиди жатқа ойнау.

 

 

3.Жаңа сабақ:  «Шертпе күйдің орындалу тәсілдері»

ШЕРТПЕ КҮЙДІҢ ОРЫНДАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Сол қолдың пернені қағыссыз басып қалу,пернеден-пернеге,ішектен-ішекке жылжу,дыбысты ұзартып тербеліс алу.
Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын кезектей қағу,тұтып қағу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шертпе күй мектебі, оның ішіндегі Қаратау өңірінің күйшілік мектебінің негізін қалаған,атақты күйші-композитор Сүгір Әлиұлының өмірбаяны, шығармашылығымен таныс боламыз.

Сүгір Әлиұлы

                                               (1882-1961)

Сүгір Әлиұлы 1882ж. Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданы,,,Кеңшар,, деген жерде туып,1961 жылы осы жерде дүниеден озған.Сүгір бала кезінен өнерге бейім болған.Қаратау жері ерте замандардан бері қазақ мәдениетінің алтын ошағы.Ежелден жырдың,әннің, күйдің туын тіккен өнерлі өлкеде Қорқыт бабамыздың күй дәстүрін қобызда Ықылас Дүкенұлы жалғастырса,Ықыластың  өнерін домбырада Сүгір жалғастырды,одан әрі дамытты.Атақты  қобызшы Ықыласты өзіне ұстаз тұтқан Сүгірдің қобыз әуендерін домбыраға ұштастыруы жаңашылдық болды.Асқан домбырашы,дарынды композиторСүгір күйшілік өнерде тың арна салып,орындаушылық мектеп қалыптастырды.Қазақ күй өнерінде Сүгір өзіндік орындаушылық,стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады. Мынадай әдіс-амалдарды қолдану арқылы қайталанбас өрнек, өзіндік қолтаңба қалдырды.

Сүгір күйінің орындаушылық ерекшеліктері
 Қара шертіс(төрт саусақпен шерту арқылы ойнау)
Дара шертіс (ішекті даралап,әр ішекті кезек-кезек ойнау
Іліп қағу(сұқ саусақпен ішекті іліп қағу
Флажолет(ысқыруық дыбыс шығару, табиғи флажолет,жасанды флажолет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форшлаг( қысқа форшлаг,ұзын форшлаг)

 

Лига(іліп қалу,серпи басу)

 

 

 

 

 Күйші- композитор Сүгір Әлиұлының күйшілік мол мұрасын жеткізген

 шәкірттері,орындаушылар:1.Жаппас Қаламбаев(қобызшы)

 2.Төлеген Момбеков(домбырашы-композитор)

 3.Жанғали Жүзбаев

Күйшінің 30-ға жуық күйлері бар.                      Оның«Ыңғайтөк»,«Бесжорға»,«Шалқыма»,«Аққу»,«Телқоңыр»,«Ілме»,«Бозінген»,«Назқоңыр»,«Майдақоңыр»,«Тоғыз тарау»,«Қосбасар»,«Қаратау шертпесі»,«Жолаушының жолды қоңыры»,«Кертолғау», басқа күйлері бар.

«Кертолғау»

Жалпы қазақ күйлерінің ішінде толғау күйлер өте көп кездеседі.

«Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады,-депАсан  Қайғы жырлағандай,«Кертолғау» күйінен ұшы-қиырсыз  сахараныңсан ғасырлық кейпі,сансыз ұрпақтың бастан кешкен тіршілігі,шері салтанатты көрініс беріп, терең ойды, үлкен шер толғауын білдіреді.«Кертолғау» -салиқалы ойды білдіретін толғаулы күйлер санатындағы көркем шығарма. «Кертолғау»күйі 5 тараудан тұрады.Бүгінгі сабағымызда «Кертолғау» күйінің ІІ тарауын ойнап үйренеміз.Күй –Сүгірдің күйшілік өнерін жалғастырушы Жанғали Жүзбаевтың орындауында берілген.

«Кертолғау» күйін өз орындауымда оқушыға тыңдату.

4.Дамыту кезеңі «Кертолғау»-күйінің өлшемі бірқалыпты емес,2/4,3/4 ауыспалы өлшемде орташа,терең толғаныспен ойналады.Күй –дара шертіс,қара шертіспен,лига, форшлаг сынды мелизмдермен өрнектеліп,сағасы репризамен қайталанып,нюансқа толы ойналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.Бекіту кезеңі «Семантикалық карта толтыру»

Күйші-композитор Орындау  шы  Іліп қалу,серпи басу Оң қол тәсілдері           күй      ұстаз Сол қол тәсілдері
 

Кезектей, тұтып    қағу

Қосбасар

 

 Сүгір

 

Қара,дара     шертіс
Т.Момбеков

 

Ықылас

 

Лига

 

 

6.Қорытындылау:Бүгін сабағымызда шертпе күйді  орындаудағы кездесетін әдіс-тәсілдермен таныс болдың,үйрендің.Сол  Қаратау өңірі мектебінің күйші-композиторы Сүгір Әлиұлының шығармашылығымен таныстың.Сүгір күйін орындаудағы әдіс-амалдарды біліп,«Кертолғау» күйін ойнап үйрендің.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ,қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.-деп,ақын Қ.Мырзалиев жырлағандай,атадан-балаға мұра боп келе жатқан қасиетті күй өнерін көздің қарашығындай сақтап, қымбат қазынамыздың тұғырын әрқашан асқақтату, құрметтеу парызымыз,алға қойған  мақсатымыз.

7.Бағалау            өте жақсы

8.Үйге тапсырма: Сүгірдің «Кертолғау» күйін берілген жеріне дейін орындап  кел