Қош бол, балдай тәтті балабақша!

61

Тақырыбы: Қош бол, балдай тәтті балабақша! 

Қатысушытар: балабақша түлектері

Тасша бала

Тәрбиешілер: Абеуова Лаура Дынымхановна

Сагинбаева Алмагул Толегеновна

Тәрбиеші: Балдай тәтті балалар,

Алдыңда білім мектеп бар.

Өзеріңнен өтеді,

Өнерлі де даналар.

Өтті қызық көп күндер,

Бір белестен өттіңдер.

Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың !

 

Таудай биік талабың,

Жақсы  көреді сабақты.

Тақпақ айту өнерін.

Тамила, Алия, Богдан, Назира айтады.

 

Тамила:    Біз балалар бағында

Тұрамыз өте көңілді.

Көп болсақта достықпен,

Өткіземіз өмірді.

 

Богдан:     Құшағында  жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап,

Алаңдауды білмедім.

 

Назира:    Бала бақшка есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді  бақшамыз.

 

Ән: «Кел бақшаға»

Біздің балалардың әнін көңіл бөліп тыңдауларыңызды сұраймыз.

 

 

Ал балалар сендердің естеріңде біздің балабақша жайлы қандай жақсы ойларың қалды ?

 

Богдан             Әртүрлі ойыншықтар бар.

Бексұлтан      Балдай тәтті тағамдары бар.

Алия                Топтағы балаларды сағынам.

 

Богдан:     Іш ауырса ,

Тіс ауырса ,

Бізге дәрі береді.

Бақшамызда барлық бала,

Дәрігерді жақсы көреді.

 

Бексұлтан: Ақ төсекке жатқызып,

Тәтті тағам ұсынған.

Бала болып ойнаған,

Күтуші апай сағынам.

 

Алия:          Томпиған дәмді баурсақ,

Бізге арнап пісірген.

Шебер қолды аспазшы,

Апайлар есте қалады.

 

 

Біздің балдырғандардың тағы бір әнін тыңдауға рұқсат етіңіздер.

Ән: «Бәрімізге мереке»

 

 

Тасша бала ортаға келеді. Амандасады. Не болып жатқанын сұрайды.

  • Ассалаумағалейкум жиналған қауым. Өзі бұл жерде не болып жатыр ?
  • Сәлематсызба тасша бала. Сіз балабақшаның салтанатты жиынына келдіңіз.Біз жас бүлдіршіндерді мектепке оқуға шығарып салып жатырмыз. (Сөмкесінде тас, ағаш, пистолет, рагатка т. б. заттарды төгеді.)
  • Ой балалар, Тасша баланың алып келген заттары мектепке баратын балалардың заттарына ұқсайма ?
  • Жоқ.
  • Мұндай заттарды ұстауға болады ма?
  • Жоқ.
  • Олай болса, біз тасша балаға қандай үлгілі, тәртіпті екенімізді көрсетейікш. Көрсетеміз бе?
  • Иә.
  • Олай болса біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз мақал – мәтел біледі. Осыдан бастайық.

Нұрсұлтан:  Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Аружан:       Жақсы бала – еңбекшіл

Жаман бала – себепшіл.

 

Эрик:             Ойна да күл, оқы да біл.

 

Дария:            Көп біл, аз сөйле.

 

      Тасша бала

       — Ой мен кішкене бүлдіршіндерге өте риза болдым. Рахмет сендерге. Енді сендерге  

         мен  жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жасырсам шешесіңдер ма ?

       — Иә.

Қабат , қабат қаттама,

Ақылың болса аттама .

( кітап)

Ізі жол болып қалады,

Алтын жинап алады.

( қалам )

Жоқ өзінде бас та,  қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

( сызғыш )

Ортасында шегесі,

Жіп жіңішке денесі.

( қарындаш )

 

—  Тасша бала мектепке барамын дейді, сөмкесін толтырып алыпты. Қане көрейік (сөмкедегі барлық заттар төгіледі)

           — Ал балалар, менің мектепке баратын балаларға бір ойыным бар.

Екі топқа бөліп жарыстыру. Балаларға сөмкеге керекті құрал жабдықтарды салдыру.

 

 

Тасша баланың екінші ойыны. « Мен өскенде кім болам ? »

( Ортаға мамандық иелерінің суреттерін жайып, және ән әуенінқою, балалар айналып жүреді. Әуен тоқтағанда әр бала жанындағы суретті алады. Сол суретте кім бейнеленсе сол маман иесі болатынын айту.)

 

 

Өз қуыршақтарына арнап  Айгерім мен Назерке тақпақ айтпақ..

Айгерім:          Сөйлемейсің сен неге ,

Тілің жоқ па қуыршақ.?

Назерке:                 Жуынбайсың сен неге,

Кірің жоқ па қуыршақ ?

Айгерім:          Аяғың бар сен неге ,

Жүре алмайсың қуыршақ.?

Назерке:                Жұмасағанда неге сен,

Тіл алмайсың қуыршақ ?

Айгерім:         Біз күлгенде күлмейсің ,

Аңқаусың ба қуыршақ ?

Назерке:               Бізбен бірге жүрмейсің ,

Жалқаусың ба қуыршақ ?

 

Тәрбиеші:      Би билеп жандандырған,

Елді есінен тандырған.

Бұлақтай тасыған өнері,

«Қуыршақ » биі шеберлі.

Би: «Қуыршақ»

 

 

Құйқылжытып ән салған,

Әніне жұрт тамсанған

Әнші біздің Бексұлтан мен Айгерім

Ән: «Бала тілі»

 

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз.»