Автомобильді кранның машинасы.

76

Игенбаева  Гүлия  Марленовна

ШҚО, Семей құрылыс колледжінің техникалық пәндер оқытушысы

 

Сабақ тақырыбы: Автомобильді кранның машинасы.

Сабақ түрі:Ойын

Сабақтың мақсаты:

Автокөліктің  қызметі,құрылыс бойынша білімдерін тексеру,пысықтау.

Машиналардың ақаулықтары мен талаптарына  байланысты мақал- мәтелдер айту арқылы білімдерін байыту.

Оқушыларды шапшаңдыққа іскерлікке тәрбиелеу..

Көрнекілігі: таратпа қағаздар.Көк жалау,сағат.Плакаттар «Кривошитышатуынды механизім», «Газ таратқыш механизм», «Қозғалтқыш».Слайд «Газтаратқыш механизм».Бөлшектері:иінді білік поршень, ось, шатун, клапандар, итергіш.

Әділқазылар алқасымен таныстыру:

1.Кабышева М.Т.

2.Макабаев М.К.

3.Оразғалиев Е.Е.

«Автомобиль құрылымы және жол жүру ережесі» пәндері бойынша білім сайысын бастайық.

Ортаға 3 топты шақырамыз. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. Үй тапсырмасы.
  2. Бәйге.
  3. Тіл – өнері.
  4. Жеті жұмбақ
  5. ой.
  6. Жорға.

І. Әр топ өздерін таныстырады. Таныстыру бөлімі бойынша жинаған ұпайлар саны жарияланады.

ІІ. «Бәйге» бөлімінде сұрақтарға қысқа да нақты жауап берілуі тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан алады. Сұрақтарға жауап беру кезеңін бірінші болып көк жалауша көтерген топ бастайды. Бірінші топ жауап бере алмаса келесі топ жауап беруге болады.Ерер екеуі де жауап бере алмаса, дұрыс жауапты жүргізуші айтады. Сұрақтарға жауап беру кезінде көліктің жалпы құрылысы, қызметі, жұмыс цикліне және жалпы ережелеріне көңіл бөлу керек.

  1. Автомобиль негізгі үш бөліктен тұрады (кузов, қозғалтқыш, шасси)
  2. Автомобильдер өздерінің пайдалану мақсаттарына сәйкес екі түрге бөлінеді (транспорттық, арнаулы)

 

 

 

 

 

 

  1. Қозғалтқыш міндеті қандай? (жылу энергиясына айналса, яғни механикалық жұмысқа айналдырады)
  2. Автомобильдің шасси құрамы (трансмиссия, жүріс бөлігі, басқарушы механизмнен тұрады)
  3. Трансмиссия дегеніміз не?(жай айналмалы қозғалысты қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге жеткізетін трасмиссия арқылы іске асырылады )
  4. Қозғалтқыш құрамы (КШМ: ГРМсалқындату, майлау, қоректендіру, от алдыру жүйесі)
  5. Жүргізуші бұрылу көрсеткішін қашан сөндіру қажет. (қозғалыстың басқа жолағына ауысқан соң бірден)
  6. Ескеру белгісін беру, жүргізушіге басымдылық бере ме?(жоқ)
  7. Спидометр құралдары жұмыс істемейтін көлік құралын пайдалануға рұқсат етіле ме? (тиым салынады)
  8. Төрт тактілі қозғалтқыштың жұмыс циклі (енгізу, сығу жұмысы, шығару)
  9. ЗИЛ -130 тарабын атау (Ликачев атындағы зауытының жүк таратқыш автомобиль)
  10. Цилиндрдің толық көлемі (жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс көлемдерін қоса алғандағы көлемді айтамыз)
  11. Қозғалтқыштың конструкциясы (Ү тәрізді жіне бір қатарлы)
  12. Поршен сақиналарын атау (май тазартқыш және компрессиялық)
  13. Салқындату сұйықтары (антифриз, тасол, су)

 

ІІІ. «Тіл — өнер» бөлімі.

Автокөлікпен байланысты мақал-мәтелдер немесе бөлшектерді орыс, ағылшын тілдерінде аудармасын айту. Толық жауап берген топ 10 ұпай алады. Жауап толық болмаса 5 ұпай.

  1. Клапан
  2. Цилиндр
  3. Шатун
  4. Серіппе
  5. Шестерня
  6. Болт
  7. Агрегат
  8. Стартер
  9. Автотұрақ
  10. Сцепление

Сарапшылар ұпай бағасын береді.

 

 

 

 

 

 

ІҮ. «Жеті жұмбақ» бөлімінде ұпай сандары көрсетілген ұяшықтарға химия, математика, физика, материалтану, ППд пәндерінен тапсырмалар  жасырылған. Ұяшықтарды таңдап, ондағы тапсырмаларға дұрыс жауап берсе сәйкес ұпайды жинайды.

20 20 20
10 10 10
30 30 30

1.Қозғалтқыш от алдыру үшін инді білікті минутына кемінде (60-80) рет айналдыру керек. (20)

  1. Электр тоғы дегеніміз не? (электр заряды бар бөлшектердің өткізгіш бойымен бағытталған қозғалысы, ал оны тудырушы – электр қозғауыш деп аталады) (20)
  2. АКБ дегеніміз (химиялық энергияны электр энекргиясына айналдыратын тұрақты электр тоғының көзін АКБ деп атайды) (20)
  3. Электроидты даярлаған кезде (қышқыл суға жіңішке ағыммен жайылып құйылады) (10)
  4. Егер көлік құралының көлемдік биіктігі көрсетілген белгіден артық болса, жүргізуші не істеу керек. (бұл жол бөлігін басқа бағытта айналып өту керек) (10)
  5. Қандай белгінің күші маршруттік көлік құралдарына қолданылмайды (10)

7.Қызыл автомобиль жүргізуші жол қилысынан өтер кезде,кім жол береді.(Барлық көлік құралдары) (30)

8.Белгінің артына аялдама ұрықсат етіле ме? (Рұқсат етіледі) (30)

9.Бұл жағдайда трактор жүргізушісі елді мекендерден тыс жерлерде қозғалған кезде неге міндетті? (Мүмкіндігінше оң жақпен жүру,қажет болған жағдайда тоқтап артында жиналып қалған көлік құралдарын өткізуге) (30)

Ойыншылар ойыннан алғашқы төртінші бөлімдерде жиналған ұпайлардың есебін хабарлап,ұпайлары аз команда ойында шығарылады.

Ү бөлім «Ділмар -ой» бөлімі.

Мұнда ойыншылар ой-өрісі, сөйлеу мәдениеті, білімділігі сарапталады (берілетін уақыт 5 минут) ( 10 ұпай беріледі )

Берілген тақырыптар : ХХІ ғасыр кәсіпкері.

1.Автокөлік жүргізушінің болашағы қалай болу керек ?

2.Менің мамандығым –автомобильді кранның машинисі.

Тапсырмаларды таңдау мен алып сөйлейді.

Соңғы бөлімнің жинаған ұпайлары хабарланады.

ҮІ. «Жорға » бөлімінде  деталдарды дұрас құрау керек және  берілген 5 минут ішінде тапсырманы аяқтау керек.

-Бөлшектерді жинау КШМ

-ГРМ құрамын жинау.

Ойынның қортындысын шығару.

Жеңген топтарды марапаттау.