Ана – өмірдің шуағы

Ана – өмірдің шуағы

Балалар көңілді  әуен ырғағымен залға кіреді.

Жүргізуші: Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тірегімнің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Аяулы аналар, қадірлі ұстаздар сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ана – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тірлік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге  әрбір сәби жүрегі  өзің деп соқса, бүгінгі  «Ана – өмірдің шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Балабақшамыздың меңгерушісі Туктубаева Гүлнар Қалиасқарқызына құттықтау сөзі беріледі.

Альтайр:   Әлпештеген анамыз,

Біз бақытты баламыз

Оқып білім аламыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Өнерлі болып өсеміз,

Өмір сырын шешеміз,

Өсірген ой мен сананы,

Қуантамыз ананы!

Адина:      Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін  әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен!

Арман:      Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ме екен?!

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен,

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ме екен?!

Ернар:       Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, Ана-күн!

Әркім сүйер өзінің,

Мақтан етер анасын!

Бәрі жақсы ананың,

Бәрін сыйлау керек-ау.

Бірақ, әрбір баланың,

Өз анасы бөлек-ау!

Жәния:     Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Ән:  «Ақ мамам »

Дана:  Ана десе шешек атып жанары

Өмірімнің бастау алып жаңа әні

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Арлан: Ананың әр сөзі ой талабы

Жүрегімнің төрінде сақталады.

Өсеміз елін сүйген ұландар боп

Ардақты ана еңбегі ақталады.

Айғаным: Бізді өсіріп баптаған

Жақсы болсам шаттанған

Алтыным деп мақтаған

Айналайын ақ мамам.

Элана:     Жыл басы наурыз мереке

Ақ нұрға  әлем боянды

Аналар тойы ерекше

Тіршілік жаңа оянды.

Көрініс: «Ана жүрегі»

Ана: (Аружан)  Айналайын жанбалам

Құладың-ау сен жаман

Ауырған жоқпа еш жерің

Жүргенің жақсы-ау сен аман.

Бала: (Дос)   Айналайын

Балалар аналармызды ешқашан ренжітпейік,  жүрегін  ауыртпайық, құрметтейік, сыйлайық, әрдайым қамқоршы болайық.

Аружан:  Келбетіңе ұлылық,

Даладан кең пейілі

Ана деген мейірім,

Ана деген ұлылық!

Ыстық демі бетімді,

Аймалап бір өткені,

Күн шуағы секілді,

Мейірімін төккені.

Ислам:  Анашым өмір гүлім, өмір жырым,

Анасыз қараңғы ғой тірлік нұрым.

Құлыным, балапаным деген сөздер,

Шықпайды дәл осылай басқа жаннан.

Жазира: Ақ жүректен сақтаған

Жарқын күлкі бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам!

Әділжан:  «Балам» деп шырылдайды ана жаным,

Түн ұйқысын төрт бөліп балағаны.

Баласы адам болып сенім артса,

Ананың одан басқа жоқ арманы.

Мая:     Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Би: «Кукарелла»

Мұхамдәли: Анам менің- аялаған ақ гүлім

Анам менің- бақытым менің шаттығым.

«Анашым» деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін.

Анам менің- өмірдегі тірегім

Анам менің- кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

И.Даниял:  Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамымен құттықтаймын!

Сымбат:   Жүре берсем қасында,

Әйбат анам, ай анам,

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Дархан:    Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі.

Әлішер:  Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік  қасиетті ананы,-

Рауоль:   Анам менің әдемі

Анам менің тірегім

Анам менің жүрегім

Анамды мен сүйемін.

Ән:  «Әжем»

Көрініс: «Әже мен бала»

Әже: Айналайын ботақаным, құлыншағым , қарғам менің.

Бала: Жо-о-оқ  әже қарға болмаймын, керек емес ондайдың  қарға қарқ-қарқ етеді, алысқа ұшып кетеді. Қасымда болып әрдайым , мен ешқайда бармаймын – деп екеуі бір-бірін құшақтайды.

Әже туралы тақпақ:

Нұрасыл:  Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай сені жақсы көремін», деп

Ақырын құлағыңа  сыбырлаймын.

Данияр:    Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Мені бағып өсірген.    

Ә.Даниял:  Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

(Әуен ырғағымен  Көктем келеді).

Көктем:  Табиғатты ояттың

Бүкіл жерді көгертіп,

Сендерге мен асықтым

Балаларды сағындым.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Аяулы аналар-әжелер!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Шаңырақтарыңызға бақ қонсын!

Жүргізуші: Балалар сізді сағынып күтті.

Сондықтан қазір сізге өнерлерін көрсетеді.

Арман: Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Ән: «Көктем келді»

Көктем: Рахмет сендерге, балалар!

Ал мен сендерге ойын дайындап әкелдім, кел ойнайық.

Балалармен ойын: «Қолғаппен кәмпитті ашу»

Енді ата-аналармен бірге ойын ойнасақ.

Ата-аналармен ойын: «Папурри биі»

Би: «Джентельмен»

Балалардың ағылшынша тақпағы

 Дос: My dear, dear mоmmy,

Май диа, диа мамми

I  love you so much!

Ай лав ю соу мач

I want you to be happy

Ай уант ю то би хаппи

On the 8th of March!

Он зе ейтс оф мач!

Әлібек: I like the way you look,

Ай лайк зе уей б лук,
I like the way you cook,

Ай лайк зе уей ю кук
Now I want to say:

Нәу ай уант ту сей:
«Happy Mother’s Day!»

Хаппи мазес дей

Аяулым: Mommy I love you

Мамми ай лав ю
More than you see

Мо зән ю си
You have always been there

Ю хав олуис бин зейа
When I needed you to be

Уен ай нидет ю ту би

Айнур: Today is Mother’s Day.

Тудей из мазес дей
Let’s help Mama.

Летс хелп мам
I’ll make breakfast.

Ай уйл мейк брекфаст
You make lunch.

Ю мейк ланч
I’ll do the dishes.

Ай уйл ду зе дишес
You do the shopping.

Ю ду зе шоппинг
Let’s help Mama.

Летс хелп мам
It’s Mother’s Day.

Ит из мазес дей

Ән: «Ақ гүлімді сыйлаймын»

Жүргізуші:

Жарқырап қызыл гүлдей,

Болсын әсем өміріңіз.

Сәуле шашқан әсем күндей,

Көтерілсін көңіліңіз!

Осы гүлдей жайнасын деп,

Ұсынады ұлыңыз бен қызыңыз!

Балаларыңыздың  өз қолдарымен жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Ару көктем, біздің балалар сізге әндерін айтты, тақпақтарын айтты, енді «Үнді биін» тамашалаңыз.

Би: «Үнді биі»

Көктем: Балалар, сендер аналарыңды өте жақсы көреді екенсіңдер, аналарыңның тілін алу керек. Құрметті аналар, сіздерге денсаулық, жақсылық тілеймін! Сау болыңдар балалар!  

«Гимнастика»   Мая

Қыздар туралы тақпақ:

Әлібек: Біздің топтың қыздары,

Неткен сұлу, көркем еді.

Күндей күліп жүздері,

Гүлге ұқсап құлпырады.

Осы гүлдей  жайнаңдар деп,

Құттықтаймыз сендерді!

Би: «Вальс»

Жүргізуші: Осымен біздің «Ана – өмірдің  шуағы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болыңыздар!

Ата-аналар комитетіне құттықтау сөзі беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                 

Ана жүрегі

Ертеде бір ер жігіт

жар іздеп жүрау ел кезіп

кездесті бір күн сұлуға

сәті түсіп ай кезігіп.

Сұлулық сонда болардеп

Шарт қойды сұлу керіліп

Жүрегін туған ананың

Әкеп бер деді ай ерігіп

Ғашықтық отын шыдатпай

Барады жанып кеміріп

Бір күнге толмай анасын

Мерт қылдау жігіт зерігіп

Ала сала жүрегін

Жүгіргенде құлады

Тасқада тиіп тұяғы

атыда оның құлады

есін жиып қараса

жүректұр талға ілініп

бүлкілдеп ана жүрегі

сөйлейді сонда дірілдеп

айналайын жан балам

құладың ау сен жаман

ауырған жоқпа еш жерің

жүргенің жақсы сен аман

естіген мына сөздерді

егіліп жігіт жылады

өткен іске өкініп

өкіріп жерге құлады

айналайын адамдар

баріңніңде анаң бар

қайғыға салмай жүрегін

анаға дұрыс қараңдар