Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын оқу, даму, тәрбиелеу үрдісінде қолдану

205

Жолдыбаева Думан Спатаевна- директордың оқу- әдістеме

ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы: Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын оқу, даму, тәрбиелеу үрдісінде қолдану

Түрі: оқыту семинары

Жүргізуші (технолог): Құрметті әріптестер, «Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын оқу, даму, тәрбиелеу үрдісінде қолдану» тақырыбымен өтіп жатқан  оқыту семинарына  қош келдіңіздер!

Бүгінгі оқыту- семинарымыздың мақсаты БжС технологиясы туралы мұғалімдерге мағлұмат беру, технологияның негізгі мақсат, міндеттерімен таныстыру.

Думан Спатаевна: (технология жайлы кіріспе сөз сөйлейді)

Біз бүгінгі семинарымызда 2002-2003 оқу жылынан бастап, республика бойынша кейбір мектептерде эксперимент түрінде оқыту сапасын басқару технологиясы енгізіліп келе жатқан ,  авторы – ғалым- практик Вассерман Федор Яковлевич. Автор  «Биоақпараттану және синергетика» деп аталатын бұл   технологиясын жалпы білім беретін орта  мектептерінде бейімделу үшін TQM халықаралық сапаны басқару методологиясына сәйкес оқудағы сапаны басқару, ИСО 9000  серия барлық жерде танымал стандартқа  сай өндеген.

Биоақпараттану және синергетика (БжС) технологиясының мақсаты-  айқын бейнелейді, қажетті есептер мен нәтижелер оқу сапасын басқаруды қажет етеді. Сапаны қамтиды, шынайылық сапаны тиімді басқаруда мүмкіндік береді. Технологияны нақты және жоспарлы түрде енгізуде нәтижелері-екі және көбірек оқу сапасын көтереді, оқушылардың оқу және жетілу сапасын бірнеше есе көтереді.

«БжС» технологиялық пирамидасы мынадай құрылымдардан тұрады:(слайд)

Әлеуметтендіру

бейіндеу

Білім берудің сапасы

Технологиялық карталар

Жоспарлау

Өлшеуіш құралдары

Технологиялық қызмет

Биоақпараттану – бұл бір тірі организмнен екінші біреуіне ақпаратты жеткізу

Синергетика – бұл әр түрлі серіктес қоғамның өз бетінше ұйымдасқан түрдегі жалпы бірдей мақсатқа жету үрдісі

Технологияның мақсаты мен міндеттері – оқушылардың төмендегідей ойлау сапасының әлеуметтік қажетті түрде даму негізіндегі оқыту мен оның әлеуметтік нәтижесіне жету (слайд)

  1. 1. Шапшаңдық (скорость)
  2. Жады (память)
  3. Сөздік қоры
  4. Логика
  5. Сыни көзқарас (критика)
  6. Шығармашылық
  7. Талдау (Синтез)
  8. Ақпараттық шыдамдылық (информационная выносливость

 

Технологиялық қызметтің міндеттері

  • Мектептегі технологиялық үрдіске қойылымды ұйымдастыру
  • Сапалы білім беруді басқару
  • Өздік жұмыстар мен нормативтерді бақылау
  • Оқушылардың ойлауын шынықтыру мен дамыту
  • Әр түрлі ойлау жолдары бойынша жарыстар өткізу

Мектепте «Ұжымдық ақыл-ой» бірыңғай кеңістігін құру

 

Сергітулер картасы – оқушылардың көңілін белгілі бір мәселеге бұру үшін арналған. Сабақтың басында қолданылады және де мұғалімнің стратегиясы бойынша сабақтың қалаған бөлігіне кіргізуге де болады.

Ендеше сергітудің бір түрі- жылдамдық. Олай болса, мектебіміздің психологы Жайымбай Рыскүл Мейрамханқызымен ой бөлісейік .

(мұғалімдерден  жылдамдық алу, слайд көрсету)

 

Жүргізуші (технолог);

«Бас технологтың қызметі» технологиялық үрдісті бақылайды және басқарады

Қызметтің құрылымы: (слайд)

1.Мектептің бас технологы

  1. Бастауыш, орта және жоғарғы сатылардың технолог-психологтары

3.Әрбір ӘБ бір мұғалім-эталондары

Жоғарыда аталып өткендей мектебімізде әр пәннен эталон мұғалімдер сайланды. Олай болса, ду қол шапалақтап эталондарымызды ортаға шақырайық:

  1. 1А сыныбы, Садуакасова Гульнар Бахтияровна
  2. 2А сыныбы, Айранбаева Карлыга Нургазиевна
  3. 3Ә сыныбы, Сурауханова Салтанат Коршихановна
  4. 4Б сыныбы , Мустафина Карагоз Ушмаганбетова
  5. 8-11 сыныбы, математика пәнінен Утарова Айгул Урнбасаровна
  6. 5-7 сыныбы, математика пәнінен Бейпилова Куляим Тулешовна;
  7. физика пәнінен Нугуманова Маржан Бурхановна;
  8. химия пәнінен Шокыбаева Акмарал Дуйсенбековна;
  9. биология пәнінен Калдарбекова Газиза Курмангазиевна;
  10. тарих пәнінен Тиникенова Акнур Кузенбаевна

11.география пәнінен Бекетаева Роза Абдикамаловна;

  1. қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Даутбаева Кулзия Калиевна;
  2. орыс тілі мен әдебиет пәнінен Есенова Бахитжан Тулеубаевна;
  3. ағылшын тілінен Каратауова Эльвира Дуйсенбековна

 

 

БжС технологиясының технологиялық карталарының

тізімі және атқаратын жұмысына назар аударайық:

  1. Триада «Алгоритм» білімділік компонентті беруге арналады.
  2. «Биоинтернет» қатаң түрде «Алгоритм» картасынан кейін жүреді, білім және біліктілікті өңдеу және ауызша бекітуге арналады.
  3. «Жаттықтырғыш» — қатаң түрде «Биоинтернет» картасынан кейін жүреді. ББД өңдеу үшін және тақырыпты аяқтайды.
  4. «Қисын» — қисындылық (индукция, дедукция) және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту үшін қолданылады. Карта ББД өңдеуде, сөйлеу дағдысын қалыптастыру жағдайларында жұмыс жасайды. Бұл карта бойынша   дайындық  жоғары күрделілік      деңгейде жүргізілуі  мүмкін.
  5. «Қисын»- кіріктірілген оқытуда көлемдік материалды меңгеру үшін қолданылады.
  6. «Ауызша сабақ 1-2-3» және «Әмбебап картасы» гуманитарлық ғылымдар саласындағы оқу материалдарын өңдеуге арналады. Бұл технология бойынша ойлаудың барлық түрін дамыту принципі берілген.
  7. «КТС» күрделі, жоғары деңгей картасы оқу үрдісінде бала дамуының жоғары көрсеткішін көрсетеді.

          Оқу сабағының кезеңдерін ерекшелеу негізінде не жатыр?

Ауызша -1 технологиялық картасы жайлы   биология пән мұғалімі-эталоны Калдарбекова Газиза Курмангазиевна  сіздермен ой бөліссін.

 

Технолог: Сабақ типіне қарай технологиялық картаны таңдаудың бағыт парағы ұсынылған. (слайдтан көрсету)

Мұғалім кесте бойынша сабақтың типін және сабаққа келетін картаны таңдап алады. Гуманитар бағыттағы пәндерде тиімді қолдануға болатын картаның бірі – ауызша-2 мен ауызша-3 картасы.

Осы карталардың білім сапасын көтеруге әсері бар ма екен? Ол жайлы сіздерге   география пәнінің мұғалім-эталоны Бекетаева Роза Абдикамаловна өз тәжірибесін ұсынады.

 

Жүргізуші: Сөздік қормен жұмыстың 3 түрі болады: жалпы сөздік қор, арнайы сөздік қор, тақырыптық сөздік қор. Мұғалімдерімізді тағы бір серпілтіп алайық. Бүгінгі әдістемелік семинарды қаншалықты меңгергенін байқайық.

(психологтар жалпы  сөздік қор алды. Берілген уақыт: 5 мин)

Жүргізуші:  «Алгоритм» картасы жаратылыстану және лингвистика пәндерінде қолданылады. Сабақта «Алгоритм» картасы бойынша мұғалім бастапқы білімдерін қалыптастырады және соны толық меңгерген оқушыларды бақылайды екен.

 Қарлыға Нургазиевна, сіз бізге ОӘЖӘ және алгоритм мен биоинтернет картасы туралы меңгергеніңізді көрсетсеңіз екен. Ол карталардың ерекшелігі неде екен?

Жүргізуші:  Семинар басында сіздерге пікір парағы таратылған болатын. Сол пікірлеріңіздіұсыныстарыңызды сараптай келе мынадай ұсыныстар дайындалды. (ұсыныстарды оқу)

«Биоақпараттану және синергетика білім беру технологиясын оқу, даму, тәрбиелеу үрдісінде қолдану» тақырыбындағы оқыту семинарымыз да өз мәресіне жетіп қалды. Сабақта ұрылатын шапалақ оқушының зейінін бір жерге жинақтау құралы болып қызмет атқаратындығын білесіздер.

(3 шапалақ ұрылады)

Қорытынды сөзді айту үшін ортаға  директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанасылова Қамар Қапасқызын шақырамыз.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныстар

 

  • Биоақпараттану және синергетика технологиясы бойынша пән апталықтарын өткізу;
  • Технологқа сынақ тапсыру;
  • Шығармашылық күнде БжС технологиясы бойынша сабақтар өткізу;
  • Сабақ жоспарының үлгісін дайындау;
  • 3- сабақтан кейін даму үрдісі үшін 10 минут уақыт беру;
  • Наурыз айында практикалық семинар өткізу;
  • Сабақ әзірлемелерін БАҚ беттеріне жариялау;
  • Дидактикалық қор дайындау;
  • Мұғалімдер өздік білім көтеру, әдіс алмасу.