Күзгі жапырақ

325

Тақырыбы: Күзгі  жапырақ

Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,жапырақты мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Күздің,жапырақтың суреті.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзе дала қандай түске боянады?

-Ендеше біз ермексаздан күзгі жапырақты мүсіндеуді үйренеміз!

V Жаңа сабақ

Өлең:         Жапырақтар

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді.

-Ермексазбен күзгі жапырақтарды мүсіндеу жолын түсіндіру.

Сергіту сәті:     Отырып ақ орнында,

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесең егерде,

Былай ескек есейін

VI Пысықтау

-Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске өзгереді?

-Шіріген жапырақтың бізге қандай пайдасы бар?

 

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен жапырақтың мүсінін жасайды.

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.