Зергерлік бұйымдар

Тақырыбы: Зергерлік бұйымдар

Мақсаты:      1.Балаларға ермексазды пайдаланып,зергерлік бұйымдардың ішінде білезіктерді  мүсіндеп үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Зергерлік бұйымдар бейнеленген сурет.

Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Ермексаздан зергерлік бұйымдардың ішінен білезікті мүсіндеп  үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Тақпақ: Білесің бе бұл істі

Зергерлікке кім дайын?

Балқытып ап күмісті

Сапырады судайын

Осы жұмыс ырғағы,

Білезік пен алқаны

Сақинаны сырғаны

Күміс сымнан тартады.

Ермексаздан білезіктің жасалу жолы түсіндіреді.0

 

Сергіту сәті:Бойымызды ұзартып

Биікке қол созайық

Бармақ басын қозғалтып

Беске жұмыс жасайық.

 

VI Пысықтау

-Қандай зергерлік бұйымдарды білесің?

-Зергерлік бұйымды неден жасайды?

 

VII Бекіту

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен білезіктің мүсінін жасайды.

 

VIII Бағалау

Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.