Пиала

101

Тақырыбы: Пиала

Мақсаты:      1. Ермексазды  пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,кесені мүсіндеудің техникасымен таныстыру,Құс қанаты өрнегімен таныстыру.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Кесенің суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

 

IV Мақсат қою

-Балалар шәйді қандай ыдысқа құйып ішеміз?

-Ендеше сол кесені мүсіндеуді үйренеміз  үйренеміз.

 

V Жаңа сабақ

Ұлттық ою-өрнек элементтерінің суреттерін көрсетіп,олардың аттарын атауды ұсынады.(Тұмарша,төртқұлақ,қайнар,сынық мүйіз,қошқар мүйіз).

Кесені мүсіндеудің жолдары түсіндіріледі:кесекті дөңгелектеу,қалың диск сияқтыжапыру,бүгу және шеттерін созу.Содан кейін кесенің шетін әшекейлейтін әшекейге назар аудару керек.

Сергіту сәті:     Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әй-әй балақай

Жамандықтан қаш

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен  кесені мүсіндейді.

Еңбек,еңбек

Еңбек бәрінде жеңбек

 

VII Бекіту

-Қандай оюмен таныстық?

-Кесе не үшін керек?

-Ыдыс жуып аналарыңа көмектесесіңдер ме?

-Әңгімелеп бер.

 

 

VIII Бағалау           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау