Дастарқанды жаяйық

Тақырыбы: Дастарқанды жаяйық

Мақсаты:      1. Ермексазды  пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,Қазақтың ұлттық ыдыстары туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық ыдыстарының суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

 

IV Мақсат қою

-Бүгін біз қызық сабақ өтеміз.Мен сендерді  қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтар көрмесіне шақырамын.Көрмеде экспонаттар бар.

Алға жайып тұз-дәмін,

Келтіреді үй сәнін,

Ол халқымның ақжаны

Жақсы дәстүр маржаны,

Кең пейіл де арайлы,

Осы жерден тарайды.  (Дастарқан)

-Дастарқан жаямыз.

V Жаңа сабақ

Балаларға көрмеге қойылған заттарды қарап көруге және олармен танысуға мүмкіндік беру.Содан кейін ыдыс-аяқтардың пайдасын,ерекшелігін қандай материалдардан жасалғанын,тұрмыста қолданылуын талдап,ол туралы түсінік беру.Ыдыстардың кейбірулері теріден жасалғанын айту.Осындай ыдыстарды шеберлер жасайтынын айту.

Сергіту сәті

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен  дастарқан жаяды.

Еңбек,еңбек

Еңбек бәрінде жеңбек

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Тамақ ішкенде дастарқанға не қойылады?

-Қазақтың ұлттық ыдыстарын ата.

-Олар неден жасалады?

 

VIII Бағалау           Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау