Билеп тұрған адамдар

Тақырыбы: Билеп тұрған адамдар

Мақсаты:      1. Ермексазды  пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру,адам бейнесін мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: адам бейнеленген не мүсінделген  суреті.

Керекті құрал: ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

 

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

 

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін  ермексазбен адамның мүсінін жасап үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Суретті көрсетіп адам туралы,оның мүсіндеу жолы туралы әңгімелесу.

Адам  бейнесінің суреттерін қарап,олардың дене мүшелерінің орналасуына көңіл бөлу.Қимыл-қозғалыстарды сөзбен айтып жеткізулерін сұрау.Саз балшықтан осындай өздеріне ұнаған бейнелерді мүсіндеуге тапсырма беріледі.

 

Сергіту сәті:     Бала,бала балақан

Қане қайсы алақан

Саусақтарын әбат

Былай,былай ойнат

Топ,топ,топ топ басайық

Жалаумен күн жасайық

Жаса,жаса жарқын күн

Жаса,жаса алтын күн!

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен адамның мүсінін жасайды .

Ұран:

Еңбек,еңбек

Еңбек бәрінде жеңбек

 

VII Бекіту

-Бүгін ненің мүсінін жасадық?

-Оның жасалу жолын жасадық

VIII Бағалау           Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып  мадақтау