Алдар көсе-қазақ ертегілерінің бас кейіпкері

Тақырыбы: Алдар көсе-қазақ ертегілерінің бас кейіпкері

Мақсаты: 1. Адар көсенің бейнесін мүсіндей білуге үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар Алдар көсе ертегісімен танысып,соның бейнесін мүсіндейміз.

V Жаңа сабақ

Алдар көсе ертегісінің үзіндісін оқу.

-Ақылмен алдай білетін айлакер кім болды екен? (Алдар көсе)

Балалар ертегіге салынған иллюстрацияларды қарастырып,Алдар көсенің кейіпіндегі ерекше бөліктеріне,оның киіміне,жүзіне назар аударады.Балаларға адамның фигурасын мүсіндеу тәсілдерін естеріне салу.

Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен Алдар көсенің мүсінін жасайды .

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Алдар көсе қандай адам ?

-Алдар көсе жақсы істер үшін ,кедейлерге көмектесу үшін адамдарға жаны ашымайтын  байларды алдайды.

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау