Қысқы серуендегі балалар

Тақырыбы: Қысқы серуендегі балалар

Мақсаты: 1. Балаларға қыс қызығы бейнеленген суретті әңгімелету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар  суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Ендеше қыста болатын қызықтар жайлы әңгімелесеміз.

 

V Жаңа сабақ

Қыста балалар қар атысып ойнайды.Шанамен сырғанақ теуіп ойнайды.Қардан шаңғы тебеді.Мұз айдынына барып коньки тебеді.Жаңа жауған қардан аққала жасайды.Хоккейшілер мұзда хоккей ойнайды.Қыста балалар жақсы көретін жаңа жыл мерекесі болады.

 

Сергіту сәті:  Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,солға қарады

Үлкен тау деп ойлады

 

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен ермексазбен қар атысып жатқан,аққала жасап жатқан немесе шана теуіп жүрген қысқы киімдегі екі баланың мүсінін жасайды .

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Қыста қандай табиғат құбылыстары болады?

-Қыста қалай киініп жүру керек?

-Қыста қандай қызықтар болады екен?

-Қандай мерекелерді білесің,қыста болатын?

-Қыстан кейін қай жыл мезгілі келеді

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау