Жұмбақ шешу

132

Тақырыбы: Жұмбақ шешу

Мақсаты: 1. Жұмбақтың шешуін таба білуге,бір бейнені көрнекі көрсетпей- ақ мүсіндей білуге  үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар мен жұмбақ шешемін сендер жауабын  ауызша айтпай,ермексазбен мүсіндеп көрсетесіңдер.

V Жаңа сабақ

Оларды ауқымды,көлемді етіп мүсіндеуге немесе рельефті мүсіндеуге болатынын айтады.Егер жұмбақ шешуін жалпы копазицияға біріктіріп жіберсе тіптен жақсы болады.

Аталған  жұмбақтар шешуі бойынша бір шағын топ жиналып,композиция жасауына болады.,мұнда рельефті мүсіндеу тиімді.

-Сондай –ақ,жан-жануарларды,үй жануарларын, ыдыс-аяқтар,оқу құралдарын,құстарды т.б. тақырыпқа сәйкес ұсынуға болады.

Мысалы:

Жайнаған бақтың әншісі

Тамсанған оған сан кісі         (Бұлбұл)

Мойны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?       (Аққу)

Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар жұмбақ жауабының мүсінін жасайды.

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Бұлбұл қандай құс?

-Аққу қандай құс?

-Құстар туралы қандай өлең,тақпақ білесіңдер?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау