Қазақстан жануарлары

Тақырыбы: Қазақстан жануарлары

Мақсаты: 1. Қазақстан жануарлары мүсіндей білуге  үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ: Ауылдан рте тұрып,кетер сыртқа,

Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.

Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,

Қайтады қуанышпен бір уақытта.

(Жайылған қой,қозы)

-Балалар бүгін жануарлар туралы әңгіме айтып,оларды мүсіндеуді үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Қой мен қозының суретін немесе ойыншықтарын көрсетіп әңгімелесемін.Мүсіндеу әдіс-тәсілдерін түсіндіру.Бірнеше бөліктерден тұратынын:денесі,мойын,басы,аяқтары және құйрығы.Дәптердегі үлгі-суретке қарай отырып,мүсіндеу жолдары түсіріледі.

Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар қой мен қозының мүсінін жасайды.

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Қойдың пайдасы қандай?

-Қойдың төлін қалай атайды?

 

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау