Балауыз шам қойғыш

Тақырыбы: Балауыз шам қойғыш

Мақсаты: 1.Шам қойғышты мүсіндей білуге  үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,логикалық ойлауын,тіл байлығын      дамыту,өнерге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке ,өнерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін біз сабақта май шам қойғыш жасаймыз.

V Жаңа сабақ

Майшам қойғыш жасау үшін үстел керек.Мерекелік үстелдің құралдары қандай?Әрине шамдар.Ол үшін  шамның астына қоятын қойғыш қажет.Негізгісін үлкен кесек ермексазбен жасаймыз.Дөңгелектеп алып,оны жалпақтаймыз.Кесек ермексаздан кішірек етіп домалақтап,көлденеңінен ортасына қойып,мықты ұстап тұру үшін берік етіп жапсырамыз..Шам қойғышты немен әшекейлеуге болады?Домалақтап алынған ермексазды жайып  бір жағынан кесеміз,тарақ сияқты оны спираль сияқты етіп қиылған жағын жоғары көтеріп қоямыз.Міне ,раушангүл!Енді раушангүлін шам қойғышқа жапсырамыз,көлденеңнен айналасына жапсырамыз.Шам қойғыштың көлемі әр түрлі болуы мүмкін.

Сергіту сәті:   Ақ қояным тұршы

Беті-қолды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Ақ көйлегіңді киші

Сабаққа қарай баршы

Орныңа отыршы

Сабағыңды оқышы

 

VI Пысықтау

Шығармашылық жұмыс: Балалар  майшам қойғыштың  мүсінін жасайды.

 

VII Бекіту

-Бүгін қандай тақырып өттік?

-Шам қойғыш жасау үшін қандай құралдар керек?

-Майшам мен оны қойғыш не үшін керек?

-Шам қойғыштың жасалу жолы қандай?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау